ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАП ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЙТА СЫЙЛАДЫ

0
54

Мемлекеттің бірінші байлығы – ол халқы, азаматтары. Сондықтан да Мемлекет басшысы кезекті жолдауында «Пандемия еліміздің денсаулық сақтау саласындағы, медицинамыздың дамуының деңгейіндегі көптеген кемшіліктер мен орын алған олқылықтарды ашып, көрсетіп кетті. Ендігі жерде республика денсаулық сақтау саласын реформалап, әлемнің медициналық жетістіктерін, озық әдістерін меңгерумен қатар, бүкіл медицина саласын ең жетілдірілген жабдықтармен жабдықтауды тапсырамын» дей келіп, ең жетілдірілген медициналық аппарат, құралдар аймақтарға да жеткізіліп, ірі қалаларда ғана емес шалғайда, ауылды аймақтардағы тұрғындарға да медициналық қызмет көрсету сапасының көтерілуін қамтамасыз етуді міндеттеген болатын.
Соған орай еліміздің барлық өңірлерінде медициналық жетістіктер мен озық әдістерді өз денсаулық сақтау мекемелеріне енгізіп, жетілдірілген жабдықтар орнату жұмыстары жолға қойылып келеді. Түркістан оллысында да медициналық қызмет көрсету арқылы халықтың денсаулығын сақтау саласына тұрақты көңіл бөлініп отырады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды медициналық жетістіктерді, озық техника мен жабдықтарды әкеліп орнатумен шектелмей сол медициналық құрылғыларды сапалы жұмыс істеу үшін жергілікті медициналық мамандарды білімін жетілдіру, тәжірибесін толықтыру, үздік әдістерді үйрену арқылы заманауи медициналық қызмет көрсетуге баулу қажеттігін айтқан.

Облыс бойынша денсаулық саласының мамандары жыл сайын кезекпен мамандығын жетілдіріп, озық әдістерді үйренуге жақын, алыс шетелдерге арнайы барып үйреніп қайтуда. Оған қоса мықты медицина саласының мамандарын арнайы шақырып өзіміздің клиникаларда оның тәжірибесін үйрену үшін мастер-кластар өткізу де жолға қойылған.

(жалғасы бар)