ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТЕРЕҢ ТАЛДАНДЫ — 3

0
58

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңадан бой көтеріп жатқан мектептерді баламен қамту және қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету барысы баяндалды. Бұдан бөлек 20 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 13-ін пайдалануға тапсыру жоспарланса, соның ішінде 4-уі жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беріледі. Облыста жалпы 143 жеке мектеп бар. Биыл Түркістан қаласының өзінде оннан аса білім ошағы пайдалануға беріледі.
Тамыз айынан бастап, облыстағы 48 мектептің асханасына құрылыс жұмысын жүргізу және қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы шешіледі. Ал әлеуметтік осал топ отбасыларының балаларына көмектесу үшін мемлекеттік көмектен бөлек, қоғамдық ұйымдар белсенділік танытуда.
Жаңа оқу жылына дайындық мәселесін басқосуда терең талданып, кемшіліктерге жол бермеу, орын алғанын тез арада жөндеу қажеттігі айтылып, бұл іске жауаптыларға міндеттелді