ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТЕРЕҢ ТАЛДАНДЫ — 2

Облысқа қарайды, ауданға қарайды деген болмайды. Барлығы өңіріміз үшін, болашағымыз үшін жасалып жатқан қадамдар, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова баяндама жасады. Оның айтуынша аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім беру ұйымдарында жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ 300-ден астам білім беру ұйымына жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстарына талдау жасалды.
Комиссия мүшелері «Мектепке жол» акциясы аясында, әлеуметтік осал топтарға жататын отбасыларынан шыққан балаларды мектеп формасымен қамтамасыз ету жайын саралады. Білім беру ұйымдарында балаларды ыстық тамақпен қамту және асханалардың санитариялық жағдайын да талқылады. Педагогтардың білім жетілдіру мәселесі қозғалды.
«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы» аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Биыл 22 900 орындық 29 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның 7-еуі толық құрамда жаңа жайлы мектепке көшіріледі. Қалған 22 мектепке оқушылар әр мектептен жиналады, бұл мектептердің оқушылары баланстан балансқа ауыстыру тәртібімен оқулықпен толық қамтамасыз етілетін болады, дейді мамандар.
(жалғасы бар)