ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТЕРЕҢ ТАЛДАНДЫ -1

0
63

Жаңа оқу жылында облыстағы орта білім беру ұйымдарының желісі 1060-қа жетті. Оның 910-ы мемлекеттік, 148-і жекеменшік. Оқушылардың болжамды саны 530 мың болса, оның ішінде 1-сыныпқа қабылданатын балалар саны 50 мыңнан асады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында баяндалды. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында, сонымен қатар жаңа оқу жылы қарсаңындағы өзекті мәселелер қаралды.
– Мектеп формасын бірізді етуге баса мән беру керек. Діни атрибуттағы киім мәселесі, әсіресе, этнос өкілдері білім алатын жекеменшік мектептерде нашар. Теологтар тарапынан ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін дін істері басқармасымен бірлесе жұмыс жүргізілуі керек. Қазіргі таңда СЭС қорытындысы алынбай тұрған 103 мектеп бар. Оның жартысы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының аяқталуымен шешіледі. Қалғанының жұмысын жылдамдатыңыздар. Өңірде жалпы 41 мектеп күрделі жөндеуді талап етеді. Биыл алғаш рет іске қосылатын білім ошақтарының қажетті құжат рәсіміне ерекше мән беріңіздер. Бюрократиялық кедергі жасамаңыздар. Жалпы мектеп ашылса, бала оқуы керек. Бала мектепке кірмесе, ашпаңыздар. Былтыр кей аудандарда ашып алып, оқушыларды біршама уақыт өткен соң кіргізген. Мұндай олқылықтардың алдын алу қажет. Ашылған мектеп ғимаратының маңында инфрақұрылымның да сай болғаны аса маңызды. Мерзімінде құжаттандыруды тапсырамын. Біразында жылу қазандықтары жаңадан орнатылып жатыр. Бірақ, әлі де пайыздық көрсеткіші аз. Аудандар арнайы мониторинг жасап, газдандыруды қажет ететін мектептерді анықтап беріңіздер.

(жалғасы бар)