«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ҚАЛА, АУДАНДАРДА ЖАЛҒАСУДА -2

0
88

Спикердің сөзінше 2024 жылғы «Мектепке жол» акциясы аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан 60 693 балаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Әр баланың мектеп формасына 43 407 теңге берілген. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Түркістан облысының филиалы әдеуметтік осал топ отбасыдан шыққан 16 балаға мектеп формасымен қоса оқу құралдарын алып берген. Одан бөлек, қоғамдық ұйым өкілі «Дәулеттен» ЖШС-і тарапынан жаңа оқу жылында 1 сыныпқа келетін 50 оқушыға көмек беруге ұсыныс білдіріп, тізімі жолданған.
Бірінші тамыздан бастау алған «Мектепке жол» акциясы облыс аумағында жалғасуда. Таяуда «Экобазар» кешенінде Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге жергілікті 26 кәсіпкер қатысты. Сондай-ақ жәрмеңкеге қойылған кеңсе құралдары, балалардың мектеп сөмкелері, формалары мен аяқ киімдері қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынылды.
Шараның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мектеп тауарларын нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға жағдай жасап, ата-аналардың балаларын мектепке дайындауды мүмкіндігінше жеңілдетуге бағытталған.
Екі күнге жоспарланған бұл шарада қала тұрғындары мен ауылды жерлерден келген тұрғындар балаларын мектепке дайындауда қажетті нәрселерін нарық бағасынан төмен бағада алып, керек-жарақтарын тапты.

(жалғасы бар)