АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН КЕЙІНГІ ҰРПАҚҚА ЖОЛ САЛУШЫ-2

0
53

ардагерлерімізді елді бірлікке, ынтымаққа, жастарға тәлім тәрбие беруге, татулығымызды нығайту бағытында ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізіп, істерімен, әдептерімен кейінгілерге өнеге болуға шақырды.
Мәжілісте көптеген ұсыныс-пікірлер айтылды. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болды. Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов қорытындылады.
Сондай-ақ, «Қамқорлық» орталығында өткен аудандық ардагерлер кеңесінің басқосуында әжелер алқасына қатысты да мәселе қаралды. Жиынға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанбай Рысбеков, ардагерлер кеңесінің және әжелер алқасының мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен дін өкілдері қатысты.
Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов ашып, жүргізіп отырды.
Бұған дейін аудандық әжелер алқасының төрайымы қызметін абыроймен атқарған Балымхан Байтенова Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің жанындағы әжелер алқасының төрайымы қызметіне тағайындалған болатын. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов Балымхан Байтенованың бүгінгі таңға дейін атқарған жұмыстарына жоғары баға беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен бірге аудандық әжелер алқасының төрайымы қызметіне Райхан Полатованың тағайындалғанын жариялады.

(жалғасы бар)