БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ БЕЛ АЛЫП КЕЛЕДІ

0
66

Бұқаралық спорт пен жаппай денешынықтырудың мүмкіндігін арттыру үшін жыл бойы түрлі бұқаралық спорттық шараларды өткізіп отыру керек. Сонда мемлекет басшысы тапсырғандай халықтың басым бөлігі бұқаралық спортпен, денешынықтырумен айналысып денсаулықтарын нығайтатын болады. Бұл мемлекет үшін де оның әрбір азаматы үшін де пайдалы әрі маңызды факторлардың бірі. Түркістан облысының әкімдігі Президент алға қойған осы сала бойынша міндеттерді іске асыру бойынша тқрақты жұмыстарды іске асырып келеді.
Түркістан облысында халықтың белсене қатысуын қамтамасыз ете отырып өткізілетін ондай жоспарлы шаралар көп. Солардың бірі ретінде таяуда облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысты. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен қорытынды жиында биылғы ойындардың жүлдегерлері марапатталды.
Басқосуда сөз алған Мекенхан Қозыханұлы әуесқой футболшыларға қала басшысының құттықтауын жеткізіп, алғыс хаты мен сыйлықтарын берді. Сондай-ақ шаһардың спорт саласына еңбегі сіңген, дамуына үлес қосып келе жатқан мамандарға қала әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады.
Мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы аталған лига ойындарының тұрғындар арасында спортты насихаттауға қосқан үлестері зор екенін мақтана жеткізді.
Жалпы Түркістан қаласы бойынша кіші футболдан көктем-жаз маусым ойындарына А, Б, С, Д, және супер лига топтарына бөлініп 74 команда, 2000-ға жуық әуесқой футболшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша супер лигада 1-орынды Бекзат секторының командасы, 2-ші және 3-ші орынды Яссы секторының қос командасы иеленді.

(жалғасы бар)