МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕШЕНДІ ДАМУЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ -1

0
62

«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының мақсаты мемлекеттің кешенді дамуын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын бағдарлама. Өйткені, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сапалы инфрақұрылымдарының болуы аймақтардың өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын ғана дамытып қоймай, мәдени-рухани, спорт пен білім, денсаулық пен басқа да салаларын кешенді дамыту арқылы бәсекеге қабілеті, іргетасы берік мемлекетті қалпытасрытуға жеткізеді. Сондықтан да, Түркістан облысында барлық салалардағы жоспарлы жұмыстар облыс әкімдігінің назарынан тыс қалмайды.
Түркістан өңірінде соңғы кездері мәдениет, спорт салаларына көңіл бөлініп келеді. Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Кеше ғана жұмыс сапарымен Кентауға барған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қала әкімі Жандос Тасовпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Жұмыс сапары Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінен басталды. Аталған мәдениет ошағы типтік ғимаратта орналасқан. Көрермен залындағы орын саны – 525. Кіші залда – 200 орын. 2013-2015 жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мәдениет сарайына қарасты 4 ауыл клубы және 1 шығармашылық үйі қызмет атқарады. Жалпы мәдениет сарайы мен ауыл клубтарында 21 үйірме жұмыс атқарып келеді. Облыс әкімінің орынбасары мәдениет саласында атқарылып жатқан істермен танысқан соң жұмысты одан әрі жандандыруды тапсырды. Содан соң облыс әкімінің орынбасары Жастар ресурстық орталығына барды. 2011 жылы жылы қолданысқа берілген орталықта 19 адам қызмет етуде. Үлкен акт залынан бөлек, 7 кабинет бар. Жастар мемлекеттік бағдараламалар туралы мамандардан, сонымен қатар заңгер, психологтан кеңес ала алады. Түрлі спорт түрлері қарастырылған.

(жалғасы бар)