ӘКІМ КЕҢЕСШІСІ АУЫЗСУ МЕН КӘРІЗ ҚҰРЫЛЫСЫНДА БОЛДЫ

0
73

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының деңгейі жоғары болған сайын олардың өмір сүру жайлылығы мен сапасы да жоғары болатынын атап айтып келедң. Әрі халықтың жайлы да сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету үкімет пен жергілікті атқару органдарының басты міндеттерінің қатарына жатады, деген болатын. Сол себепті де Түркістан облысының әкімдігі қала, аудандардың басышларынан жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарды назардан тыс қалдырмай, жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуді талап етіп отырады.

Сарыағаш ауданы мен қаласында халықтың өсімі жақсы. Соған орай елдімекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету бойынша және Сарыағаш қаласының кәріздік тазарту қондырғысы жүйелерінің мүмкіндігін ұлғайту мәселелері де жергілікті басшылықтың назарында. Тұрғындардың тұрақты өсімін ескере отырып аудан көлемінде инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету және оның сапасын жақсарту бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуі жалғасуда. Себебі, халық саны өскен сайын оған қызмет көрсететін инфрақұрылымдардың көлемі мен сапасын да ұлғайту қажеттігі туындайды.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Е.Дауылбаев ауданға арнайы жұмыс сапарымен келіп, Сарыағаш ауданында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ауыз су нысандарымен ауыз су дайындау кешенінің  жай-күйімен танысты.

Айта кетсек,  Қанағат елді мекеніндегі «Нұра топтық су жүйесі» РМК теңгеріміндегі 1 және 2-ші жетекті ауыз су тазалау, дайындау кешенінің жұмысымен танысып, ауыз су тапшы елді мекендердерді толыққанды ауыз сумен қамту жолдары талқыланып, тиісті сала бойынша басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Іссапар соңында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі төрағалығымен ауыз су саласына қатысты мекеме басшыларымен ауыз су құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлер өкілдері қатысуымен ауыз сумен қамтудың өзекті мәселелері талқыланды. Онда облыс әкімінің кеңесшісі ауызсумен тұрғындарды қамтамасыз етуге жауапты мекемелер мен ауызсу тазалау мен дайындау құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты жауапкершілікпен атқарып, құрылысты сапалы да тыңғылықты жүргізу арқылы халықтың таза да сапалы ауызсумен қамтылуын қамтамасыз ету олардың негізгі міндеті екенін естеріне салды.

Сондай-ақ, обылыс әкімінің кеңесшысы Е.Дауылбаев Сарыағаш қаласында жүргізіліп жатқан кәріздік тазарту қондырғысының құрылыс жұмыстарына арнайы барып, жай-күйімен танысты.

Құрылыс барысымен танысқан обылыс әкімінің кеңесшісі тиісті бөлім басшысы мен мердігер өкіліне құрылысты жүйелі түрде жүргізіп, сапалы аяқтауды тапсырды. Себебі, алдағы уақытта қаланың дамуын ескеретін болсақ, көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесіндегі мәселелерді шешуде нысанның орны маңызды екендігін атап өтті. Қала тұрғындарын сапалы инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуде кәріздік жүйелердің жақсы жұмыс істеуінің тұрғындардың жайлы өмір сүруінде, қаланың тазалығы мен санитарлық жағдайының жақсы болуының кепілі деуге болады.

Сарыағаш қаласындағы кәріздік тазарту қондырғысы тәулігіне 3400 текше метр су тазартуға қауқарлы. Кәріздік тазарту қондырғысын салу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартуға оң септігін тигізеді.

Қазіргі таңда, бюджеттен құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы қаралып, мердігер «Сарыағаш Аман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысаны 2022 жылы басталған, ағымдағы жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр. Ең бастысы, құрылысты жүргізуші серіктестік кәріздік тазалау қондырғысын белгіленген мерзімде бітіріп, сарыағаштық тұрғындардың пайдалануына беруде жауапкершілік танытқаны абзал.