СЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПКЕ АРНАЛДЫ -1

Мемлекеттің болашағы – жас ұрпақ десек, сол жас ұрпақты білікті де білімді, саналы да тәрбиелі етіп өсіру маңызды. Ол үшін мемлекет жас ұрпақтың балабақшадан бастап орта мектепте, арнаулы және жоғарғы оқу орындарында білім алғанында мемлекетшілдік, отаншылдық, туған жерге сүйіспеншілік, өз елін дамытуға белсенділік таныта білетін азамат болып қалыптасыуын қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да Мемлекеттік білім беру орындарында балабақшадан бастап білім ордадалрында білім алып кәмелетке толғанша жас ұрпақ өкілдеріне мемлекеттік бағдарлама мен мемлекеттік идеологияға сай білім мен тәрбие беруді жолға қойған. Нарықтық, бәсекелі қоғамда өмір сүріп жатқандықтан да білім беру саласында жекеменшік білім беру ұйымдары да бар. Мемлекет пен оның жергілікті органдарының басты міндеті — сол жекеменшік білім беру ордаларының жұмыс принциптері мемлекеттік білім беру ережелері мен талаптарына сәйкес болуын қадағалап отыру. Бұл маңызды міндетті Түркістан облысының тиісті салалары да үнемі назарында ұстап отырады.
Түркістан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен тамыз кеңесі аясындағы жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған секция жұмысы өтті. Секция жұмысын басқарма басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова ашып берді.
Жиынға Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Жанар Қасымова, Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысының Полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқарма басшысы Қуанышбай Төлегенұлы, Облыстық білім беруді дамыту орталығы және облыстық Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының басшылары мен жекеменшік білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
(жалғасы бар)