ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРДІҢ ШАҒЫМЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛУЫН ТАПСЫРДЫ

0
52

Мемлекеттің дамуында қоғамдық ахуалдың тұрақтылығы, түрлі қылмыстардың орын алуын болдырмаудың, мүмкіндігінше азаматтардың қауіпсіздігі мен алаңсыз жайлы өмір сүруіне жағдай жасаудың маңызы зор. Сондықтанда Ел басшысы Ішкі істер және басқа да құқық қорғаушы органдардың өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып, елімізде құқық бұзушылыққа қарсы «нөлдік» төзімділік қағидаты бойынша жұмыс жүрізудің қажеттігін айтып келеді. Сол сияқты полицияға қарапайым азаматтармен, жәбірленушілермен жұмыста олардың арыз-шағымдарын дер кезінде орындауды тапсырды. Халықпен жиі кездесіп, тұрғындар арасында заңдылықтарды, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша заңдарды түсіндіру де маңызды. Сол сияқты еліміздің болашағы балалар мен жасөспірімдермен де арнаулы полиция бөлімдері тұрақты жұмыс жасап, балалардың бұзақылық жолға түспеуін қадағалайды.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Іс-шараға департаменттің құрылым басшылары мен қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде ауыр санатты қылмыстарға қарсы 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Аталған тақырыптар бойынша есептік мерзімде облыс полицейлерімен атқарылған жұмыстар бойынша Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Абдурахманов пен Тергеу басқармасы бастығының м.а Қанат Дүмшебаевтардың баяндамалары тыңдалды.
Өз кезегінде полиция генерал-майоры М.Қабденов жеке құрамға ҚР ІІМ тарапынан берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, жәбірленушілердің арыз-шағымын дер кезінде қарауды тапсырды.
Сонымен қатар бас полицей жиын соңында: «Облыс көлемінде жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібінде қылмыстық істерді сотқа жолдауда, көрсеткіштердің тиімділігі арттырылсын. Полицияға жүгінетін азаматтардың уәждері бойынша бекітілген кестеге сәйкес, үнемі жеке қабылдаулар жүргізілсін. Полицияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мәселелерін шешу бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылсын»,-деп атап өтті.
Полиция құқық бұзушылықтарға қарсы «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шара өткізді.
Нәтижесінде, тәртіп сақшылары полиция бөліміне 27 адамды, оның ішінде 12 шетелдік азаматты жеткізді. Тұрғылықты жері бойынша 29 қару иесі және профилактикалық есепте тұрған 47 адам тексерілді. Сондай-ақ пробациялық есепте тұрған адамдармен әңгімелесулер жүргізілді. Бұл жасалып жатқан шаралардың барлығы да қоғамдық тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілуде. Сол сияқты полицияның арнаулы бөлімшелері жасөспірімдер мен жастар және балалардың қауіпсіздігі мен тәртіп, құқық бұзушылық әрекетке бауының алдын алу бойынша да жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен байланыстар орнатып жеткіншектердің көшеде бос сенделуін, теріс қылықтармен айналысуын болдырмау үшін бірлесіп жұмыс жасайды.
Профилактикалық іс-шара барысында қаруды сақтаудың ережелері мен талаптарын бұзғаны үшін 1 қару иесіне әкімшілік шара көрілді. Полицейлер аудан тұрғындарымен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзбауға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.