ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

0
53

Қазақстан Республикасының жаңа жағдайда, дұрыс жолмен дамуын қалыптастыруды мақсат еткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» құруды ұсынған. Ондағы басты принцип – Әділеттілік. Еңбек адамына құрмет. Халықтың жақсы өмір сүруіне қол жеткізу. Ел басшысы содан бергі Жолдауларында жаңа қазақстандық қоғамды, билік пен халық арасындағы жаңа қатынастарды орнықтырудың, халықтың жайлы да жақсы өмір сүруін қамтамасыз етудің нақты бағыттары мен жолдарын көрсетіп келеді. Қазақстандықтарға биылғы Жолдауында да осы бағыттағы тоғыз басты мәселені нақтылап берді. Оны бүкіл еліміздің халқы сияқты Түркістан облысының тұрғындары, атқарушы билік өкілдері де көріп, тыңдады. Жергілікті әкімдер Жолдаудың алға қойған міндеттерін саралап, болашақ атқарар жұмыстарын нақтылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысының Жолдауын тікелей эфир арқылы Сауран аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары, қоғамдық ұйым төрағалары тыңдады.
Президент сөзінің басында Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты және басқа да заңдар бар. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген. Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанына назар аударып, арқаны кеңге салуға болмайтынын, алдымызда әлі талай ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.
— Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы Жолдауында Парламенттің екінші сессиясында қоғамдық бақылау, адам саудасына қарсы күрес, ғылым және технология саясаты, жылу энергетикасы, басқа да мәселелерді реттейтін жалпы 102 заң қабылданғанын айтты. Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанын айтып, бұл бағытта жүзеге асатын жобалар барысына тоқтала кетті.
Жолдауда айтылған әрбір тарау бойынша аудан аумағында атқарылатын жұмыстарды саралап, түсіндіру мақсатында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшыларының қатысуымен жиын өтті.
Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру секілді маңызды міндеттер тұрғанын айтып, атқарылар ауқымды жұмысқа белсенді ат салысуға шақырып, нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты жандандыруды тапсырды.