СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

0
57

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы қоғамда жаңа экомәдениет, туған жерге жаңа көзқарас қалыптастыруда. Президент жаңа жолдауында да айтқандай әр үйдің, ауланың айналасынан бастап ауыл, қалалардың айналасына дейін қоқыстан мұқият тазалануда, абаттандырылуда. Тұрғындар әр сенбілікте тазалық жұмыстарына шығумен қатар біртіндеп қоқысты көрінген жерге тастамауды, таза жерді ластамауды да әдетке айналдырып келеді.
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына барлық өңірлердің тұрғындары да белсене қатысып өздеріне тиесілі аумақтардың тазалығы мен көріктіліген сақтап келеді.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында алғашқы болып қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Азизбаев баяндама жасады. Ол Кентау қаласы және ауылдардың 2024 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайға бюджеттің орындалуы туралы мәлімет берді.
Екінші болып қалалық ТҮКШ және ТҮ инспекциясы бөлімінің басшысы Т.Искаков әрбір сенбіде өткізіліп жатқан тазалық шарасы бойынша баяндап өтті. Биылғы жылдың сәуір айынан жалғасып жатқан сенбілікке кентаулықтар белсенді атсылысып, қала тазалына үлес қосуда. «Таза Қазақстан» науқанын жалғастыру жыл соңына дейін жүзеге асырылатыны айтылды.
Қала әкімдігі аппаратының бөлім басшысы Н.Өсенбай мен 109 байланыс орталығының басшысы Ж.Қожахмет ауылдардағы сменбілік жұмыстары мен секторлардағы берілген тапсырмалардың орындалуы жайында баяндап өтті.
Баяндамашыларды тыңдаған қала басшысы қаладағы тазалық шарасын әр апта сайын белсенді түрде өткізуді, ол бойынша ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың кешегі жолдауында да «Таза Қазақстан» науқанына ерекше назар салынатынын, жұмыстар жалғасатынын атап өткенін айтты.
Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары мен жастарды атсалысуға шақырып, әрбір аула, саябақ, көшелерді күл-қоқыстардан тазартып отыруға бейімдеу қажет екенін тапсырды. Әрбір берілген тапсырма жүйелі жүргізіліп, атқарылу барысы бақылауда болатынын ескертті.
Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекенінде «Таза Қазақстан» шарасы аясында 200-ге жуық адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті. Сенбілікке ауданға қарасты 12 ауылдық округінен азаматтар қатысып, елді мекеннің басты көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы асарлату мақсатымен өткізілетін сенбілік апта сайын әр ауылдық округтерінде тұрақты жалғасын тауып келеді.
Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына 6 техника жұмылдырылды. Елді мекеннің орталық көшелері мен автожолының бойлары қоқыстардан тазаланып, шөп ору, ретсіз өскен ағаштарды бұтау мен түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 15 тонна қоқыс шығарылып, тазартылды. Тазалықты басты қағидаға айналдырған саурандықтар сенбілік жұмыстарын тұрақты жалғастырып келеді.
Төлеби ауданында жалпыаудандық тазалық шарасы ұйымдастырылып, ескерткіш маңы қоқыстан тазартылды. Ауданда мұндай жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Тазалық шарасына аудан тұрғындары, қоғам белсенділері, коммерциялық нысан иелері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмыла кірісті.
Ауданда өткен тазалық жұмыстарына Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш, БАҚ өкілдері мен өлке өлкетанушы өкілдері Ленгір қаласындағы саябақта халықпен бірге сенбілікке қатысып, белсенділік танытты. «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында қазақтың аса ірі қоғам қайраткері Төле би Әлібекұлының еңселі ескерткішінің маңы тазаланып, қураған шөптер шабылды. Қоқыстар алынып, ағаштар суғарылды.