ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

0
70

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында азаматтардың конституциямызда көрсетіліп, кеплідік берілген тең құқықтарын сақтай отырып, халықтың бірілігі арқылы дамуды қалыптастырудың басты міндет екенін айтты. Биылғы Жолдауында да «Халқымыз қашанда кең пейілімен, толеранттылығымен ерекшеленген. Еліміздің басты құндылығы – бірлік пен келісім ең алдымен, осы қасиеттердің арқасында сақталып отыр. Қазақстанда тіліне, дініне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және басқа да себептерге байланысты ешкімге ешқандай қысым жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес деп оны шегелей түсті. Қазақстанның қарыштап дамуы үшін ұлттық бірлік басты рөл атқарады. Ал бірлік пен ынтымақ қазақ халқының айналасына топтасу мен мемлекеттік тілді құрметтеу, яғни қазақстандықтардың күштеу мен зорлықсыз қазақ тілін меңгеріп, отаншылдық қасиеттерін бойына сіңіруі арқылы жүзеге асады. Кқптеген этностар мекендейтін Түркістан облысында тіл мәселесі қалыпты жағдайда дамып келеді. Басқа этностардың тілдерін үйренуіне де, мемлекеттік тілді меңгеруіне де барлық мүмкіндіктер жасалынған.
Қазақстандағы Тілдер мерекесі, бұл — елдің мәдени және тілдік әралуандығын ардақтау мен нығайтуға арналған айрықша мейрам. Маңызды мереке жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіледі.
5 қыркүйек – қазақтың ұлы ағартушысы, тіл маманы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Сондықтан Тілдер мерекесі Ахмет Байтұрсыновтың еңбегімен тығыз байланысты.
Айтулы һәм мерейлі мереке қарсаңында Сайрам ауданында да «Мемлекеттік тіл— Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты салтанатты іс-шара өтті. Аудандық Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйіндегі жиында алдымен Тілдерді оқыту және жекеменшік «Лидер», «GES» оқыту орталықтарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Ал, аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің тыныс-тіршілігі бейнероликпен бейнеленді.
Мұнан соң мерекелік басқосуда Сайрам ауданының Құрметті азаматтары, тіл жанашырлары Амангелді Қабылбеков, Әлібек Байназар қалың қауымды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Сайрам аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Даулетхан Алашбаев тіл саласында елеулі еңбек еткен 13 азаматты марапаттады.
Марапат төрінен табылған мамандардың бірі, аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Жанар Нарботаеваға ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісі табысталды. Бұл — оның оқырмандарды кітап әлеміне жалықпай жетелеп жүрген еңбегі мен ұлттық дәстүр-құндылықтарымызды дәріптеуде жеткен жетістігі үшін берілген марапат.
Мерекелік дидарласу тіл мен рух туралы, отаншылдық туралы әндерге, өлеңдерге ұласты. Мың бұралған билер мен флешмоб жиынға келгендерді ерекше күйге кенелтті.