ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІ БАЛАЛАР АСТАНАҒА САЯХАТТАДЫ

Мемлекет басшысы еліміздің болашағы балаларға байланысты үнемі айтып келеді. Мемлекеттің болашағы жас ұрпаққа ерекше көңіл бөлініп, олардың білімді де тәрбиелі, денсаулығы мықты болып, әрі белсенді де бақытты балалық шақта өмір сүруіне барлық жағдай жасалуы қажеттігін тапсырып отырады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды қолдап отырып отаншыл рухта тәрбиелеу мәселесіне де ерекше назар аударылуына жағдай жасалуы қажет. Түркістан облысында балалардың қауіпсіздігі мен қолдауына қатысты көптеген шаралар жасалады.
Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысындағы 10-14 жас аралығындағы оқуда және спорта, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, ерекшеленген озат та спортшы, белсенді оқушылар ретінде 46 баланың қатысуымен «Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік туры өткізілді.
Әлеуметтік турдың мақсаты – балаларды елордамен таныстыру, патриотизмге тәрбиелеу, Отанға құрмет пен сүйіспеншілікке баулу, Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті туралы қосымша білім алу.
Тур барысында оқушылар бірінші күні «Бәйтерек» монументі, Болашақ энергиясы мұражайымен танысып және Есіл өзенінде кемемен серуендеп көргендерінен үлкен әсер алды. Саяхаттаудың екінші күні «Ұлттық музей», «Бейбітішілік және келісім сарайы», Орталық Бас мешіт, «Шолу» дөңгелегі және «Думан» ойын-сауық» орталығындағы Окенариум мен Джунглиге барды. Музейден еліміздің ықлым замандардан бергі жүріп өткен тарихи жолы жайлы мұрағаттар мен жәдігерлерді, деректерді көрді. Ал шолу дөңгелегі арқылы республика астанасының сәулеті мен сәнін тамашалап, Окенариум мен Джунглиде өздеріне таңсық, бұрын көріп-білмеген көптеген нәрселерді қызықтады. Түркістандық жеткіншектер астанадан орасан зор әсер алып, жоғары көңіл-күймен қайтты.
Түркістан облысында балаларды қорғау мен қолдау, теріс жолдан сақтандыру мен заңдылықты сақтап, қажетті ережелерді, тәртіптілік нормаларын үйретуу бойынша ішкі істер органдары мен білім мекемелері арасында іскерлік байланыс орнатылған. Соған орай облыс аумағында құқық қорғаушылар мен білім беру мекемелері бірлесіп, көптеген іс-шараларды жүзеге асырады.
Түлкібас ауданында оқушылардың мектепке қатынағанда, күнделікті өмірде көп пайдаланатын бағдаршам мен жол ережелеріне байланысты ережелермен танысып, білуіне көмектесетін «Абайлаңыз, балақай!» іс-шарасы ұйымдастырылды. Ауданның білім бөліміне қарасты М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушыларын аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Ә.Ж.Қарақұлов, Түлкібас Аудандық Полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Айтқұл және мектеп медбикесі Н.Х.Абашева жолда жүру ережесімен таныстырды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты — жолда жүру ережесін есте сақтау, жол белгілерін таныстыру, бағдаршам туралы толық білу, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екендігін түсіндіру, үйрету.