«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Президентіміз бастаған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысында сенбілік жұмыстары қарқынды жалғасуда. Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту болып табылады. Алдағы уақытта да бұл тазалық науқаны әр апта сайын ұйымдастырылып, жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.
Аудан тазалығына, оның келбетінің көркеюіне атсалысу – туған жерге деген сүйіспеншілік болып саналады. Осы ретте, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің бастамасымен Ақсукент ауылы орталығында орналасқан «Дендросаябақта» сенбілік шарасы өтті.
Аталған аумақты көркейту және санитарлық тазалығын күтіп-ұстау жұмыстарына аудандағы басқарманың, аудан әкімдігінің, ауылдық округ әкімдіктерінің, дербес бөлімдердің, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, Жастар Ресурстық Орталығының жастары, жалпы 1350-ден аса адам атсалысты.
Қоршаған ортаны қорғау, оның экологиялық тазалығын сақтау бағытында өткен сенбілікте «Дендросаябақ» аумағындағы қураған ағаш бұтақтарын қырқып, артық шөп-шаламдардан арылтты. Төңіректі бейберекет тасталған күл-қоқыстардан тазартты. Ағаш көшеттерінің түптерін қопсытып, суғарды. Олар осылайша, тұрғындардың саябақта тынығуына қолайлы жағдай қалыптастырды.
Жалпыаудандық сенбілік жұмыстары аясында 4 техниканың көмегімен 12 тонна қоқыс арнайы аумаққа шығарылды. Егерде ауданымыздың әрбір тұрғыны тазалықты алдымен өз ауласынан бастаса, бұл өңіріміздің өзге тұрғындарын тазалыққа үндеуге қосқан үлесі саналады.
Ақсу ауылы – ауданның орталығы. Мұнда күніне түрлі мәселемен мыңдаған адам келеді. Сондықтан да, барша тұрғын үшін қолайлы орта болғаны абзал. Осы мақсатта өткен жылы эскиздік жобалар әзірленіп, бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – Ақсу ауылындағы Абылай хан көшесінің бойында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Жобаны жүзеге асыру барысында жол бойындағы ретсіз сауда нысандарын («қызыл» сызыққа шыққан) жою жұмыстары тұрақты ұйымдастырылуда. Ондағы мақсат – халықтың жүріп-тұруына қолайлы орта жасау үшін жолаяқтарды кеңейту, көлік тұрағы санын көбейту.
“Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экоплогинг акциясы аясында Келес аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Айбек Әміреқұлұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысының орынбасары Жансая Өмірәліқызы және “Жастар рухы” Жастар қанатының ерікті жастары және ауданға қарасты түрлі сала мамандарының қатысуымен “Тазалық — жан саулығы” атты экоплогинг акциясы ұйымдастарылды.
Акцияға 80-ге жуық жас жұмылдырылды. Бірлігі бекем сала қызметкерлері мен белсенді ерікті жастар келіп, тазалық жұмыстарына кірісіп, көше аумақтарын, өзендердің жағалауларын, тарихи-мәдени объектілердің аумақтарын абаттандыру мен тазарту жұмыстары жүргізілді.
Акция мақсатты: Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. Әсіресе, саябақ тазалығын сақтау өте маңызды шаруа екені айтпаса да түсінікті. Өткізілген акция нәтижесінде:
ІІІ-орын: Ошақты ауылының жастар командасы жайғасты. Жүлделі (су салқындатқыш аппараты)
ІІ-орын: Қаратөбе ауылының белсінді жастары иеленсе. Жүлделі (Музыкалық аппарат).
І-орын: Аудандық мәдиенет үйінің сала қызметкерлері қоржына байлады. Бас жүлде (Теледидар) табысталды.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында алдағы уақытта да жастар тарапынан белсенді жұмыстар атқарылатын болады.