ҚЫЗЫЛКӨЛДІҢ КӨШЕЛЕРІ АСФАЛЬТТАЛУДА

0
58

Мемлекет басшысы өзінің биылғы жолдауында да еліміздегі автокөлік жолдары жайында сөз қозғады. «Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр»деген ол бұған дейін де автокөлік жолдарының ел экономикасын дамыту мен қатынасуда маңызды рөл ойнайтынын айтқан Сондай-ақ, салынатын, жөнделетін автокөлік жолдарының сапасына бірінші кезекте мән берілуін қадағалауды тапсырған.

Түркістан облысының шалғай жатқан ауданының бірі саналатын Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніне барып, ішкі көшелеріне салынып жатқан жолдың сапасымен танысты. Қазіргі таңда елді мекеннің жалпы ұзындығы 2 шақырымға жуық Қ. Төлеуов және Л. Бөкенов көшелерінде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүруде.

Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдескен аудан басшысы жолдың сапасына қатысты нақты талаптар қойды. Ол бойынша жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеп, жасалып жатқан жұмыстарға мұқият қарауды ескертті.

Жалпы Созақ ауданындағы елдімекендерге асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүзеге асырылп, көптеген ауылдар бүгінде жайлы жолдармен қамтамасыз етілді. Таяу уақыттарда ауданның барлық елдімекендері түгелдей асфальтталатын күн де алыс емес. Оған қоса аудан территориясындағы аудандық, облыстық маңызы бар автокөлік жолдарын жаңарту мен жөндеу жұмыстары да жоспарға сай жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан облыстық маңызы бар «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Ыбырайға дейінгі 83 шақырымы, «КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының Созақтан Қарағұрға дейінгі 30 шақырымының жөндеу жұмыстары аяқталып, «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» Шолаққорғаннан Құмкентке дейінгі автомобиль жолының 39 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жақын күнде аяқталады.