ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

0
119

Қазақстан аумағы географиялық бірнеге белдеуде жатқандықтан, әрі әлемдік табиғи құбылыстардың өзгерістерге ұшырауы жиілегендіктен жыл сайын республиканың әр аумағында күтпеген табиғи оқыс жағдайлар орын алып жатады. Мемлекет басшысы еліміз бойынша табиғи құбылыстарға байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға әрдайым сақадай сай болу арқылы олардың алдын алуға, орын алған жағдайда көп зардап келтіртпей жоюға болатынын айтып, осы саланың жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Соған орай Түркістан облысының Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу және төтенше жағдайлардың алдын алу маұсатындағы дайындық жұмыстары мен оны бақылап, дайындық деңейін бағалау жасалып отырады.

Қыркүйек айының алғашқы аптасында Арыс қаласы аумағында Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қауіпі туындағанда және орын алғанда басқару органдарының, құтқару командаларының және халықтың іс-әрекетін пысықтау бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілді.

Жалпы Арыс қаласы 7 балдық сейсмикалық аймаққа жатады. Осыған орай, жер сілкінісі қауіпі туындағанда және орын алған жағдайда атқарылатын іс-шаралар практикалық түрде өтетін болады.

Арыс қалалық хабарландыру құрылғылары іске қосылып, халықты эвакуациялау және қауіпсіз аймаққа орналастыру, темір жолда химиялық қауіпті зат төгілгенде оны жою, халыққа противогаз тарату, ірі өртті және орман, дала өрттерін сөндіру, су басу қауіпін алдын алу, жедел ден қою жасағын дайындыққа келтіріп көрсету жүзеге асырылды. Кешенді оқу-жаттығу жиынының екінші күні Төтенше жағдайға қатысты тиісті мекемелердің мамандары қажетті құрал-жабдықтарымен және техникаларымен қаламыздағы орталық алаңда жиналды.

Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов арнайы қатысып, аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын қарап шықты.

Жиын барысында қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою үшін құрылған авариялық-құтқару қызметінің құрылымы мен құрал-саймандарының есебі де анықталды. Жиын барысында энергия, газ, жылу, ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің және көлік қатынастарының жұмыс істеуге дайындығы, тәуелсіз энергиямен қамтамасыз ету көздерінің, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да қорлардың жағдайы пысықталды.

Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару қызметі және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуде шұғыл басқару алгоритмдері жасалды. Халықты шұғыл хабарландыру үшін қалалық орталықтандырылған хабарлау жүйелері, дауыс күшейткіш құралдары, теледидар және басқа да БАҚ арқылы тарату тәртібі қаралды.

Арыс қаласы аумағында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы кешенді іс-әрекеттерге дайындығын бағалаудың қорытынды жиыны өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Облыстық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Әскер Сарбатов, Арыс аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы мекеме мен бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – қаладағы апатты жағдай кезінде медицина, ішкі істер органы қызметкерлері, өрт сөндіру қызметі, басқа да, коммуналдық қызметтердің өзара әрекеттесу жұмыстарын көрсету. Халықтың, басшы құрамның, жаттығуды өткізіп жатқан жеке құрамның жұмыс қабілетін арттыру және шыңдау, — деді әкім орынбасары Алмаз Сұлтанов.

Жиын барысында Облыстық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Әскер Сарбатов Арыс қаласында өткен 3 күндік кешенді оқу-жаттығу бойынша көрсетілген нәтижелерге тоқталып, қорытынды баяндама жасады. Өз сөзінде атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, оқу-жаттығу барысында берілген тапсырмаларды нақтылап, арнайы қызмет басшыларына тапсырма берді.

Жиынды қорытындылаған әкім орынбасары Алмаз Сұлтанов бейбіт кезеңде өткізілетін оқу жаттығу жиынының маңыздылығына тоқталып, шараға қатысушыларға қала әкімдігі атынан алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.