КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНІҢ БАРЫСЫ  БАҚЫЛАУДА

0
55

Түркістан облысында жаз айының басында қолға алына бстаған биылғы қысқы маусымдағы жылыту науқанына дайындық жұмыстарының жағдайы үнемі назардан тыс қалмайды. Күз айы басталғалы бері жылыту жұмыстарының барысын жиі бақылануда. Өйткені белгіленген жоспарларға сәйкес қысқы жылыту науқанына әзірлік жұмыстары қара күзге дейін толық бітуге тиісті.

Кентау қаласындағы №5 Жылу энерго орталығында жүргізіліп жатқан қайта құру жұмыстары облыс әкімінің жіті бақылауында. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Жылу орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстарды жиі барып тексеріп, штаб кеңесін өткізіп, мердігерлердің есебін тыңдап тұрады.

Қазандықтарды реконструкциялау жұмыстары бекітілген кестеге сай, үздіксіз жүруде. Нысан басында екі ауысымда 180 адам жұмыс істеп жатыр. Қазандықтардағы монтаждау жұмыстары қарқынды. Сонымен қатар 6 қазандыққа арналған түтін құбыры дайындалу үстінде. Мердігер компания жоспар бойынша екі қазандықтағы жұмыстарды тамыз айының соңында, екі қазандықты қыркүйектің ортасында, ал қалған екі қазандықтың құрылысын қараша айының соңында аяқтауы керек. Бұдан бөлек, тағы екі қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Стратегиялық маңызы бар нысандағы жұмыстардың сапасы мен мерзімі бақылауда болады. Кентау қаласындағы жылу электр орталықтарына жаппай күрделі жөндеу жүргізілуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Кентау қаласына іссапармен барып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан №5 жылу электр орталығының жұмыс барысын бақылады.

Бүгінде №7,8,9,10,11,12 қазандықтарында қайта құру жұмыстары жүргізіліп, №7 және 12 қазандықтары қараша айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Ал №8 және 11 қазандықтың монтаждау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, №9 және 10 жылу казандықтары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Аралау барысында Зұлпыхар Жолдасов, жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытында орындалуы керектігін ескертіп, бұл мәселе қатаң бақылауында болатынын жеткізді.