ИТАЛИЯДА ТІЛ НЕВРОЛОГИЯСЫ МЕН МӘДЕНИЕТТАНУДЫ ЗЕРТТЕУДЕ

0
117

Қазақстан Республикасының Жастарға арналған мемлекеттік саясатының басты мақсаты — жас ұрпақты балабақша, мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты да белсенді етіп тәрбиелеп, білім беруге, жоғарғы сыныптардан мамандық таңдауға бейімдеу. Білім беру саласына жасалып жатқан реформа жасөспірімдердің заманауи ғылыми жетістіктерден хабардар болып, білім саласындағы инновациялық жобаларды игере отырып халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті білім иесі болуына жол ашады.
Түркістан облысында мектеп оқушылары пәндік олимпиадаларға қатысып, ұстаздарымен бірге әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалықтарды игеру үшін шет тілдерін меңгеріп, таңдаған пәндері бойынша терең білім игеруге ұмтылады. Соның арқасында пәндік білім олимпиадаларында түркістандық озат оқушылар үнемі жеңімпаз, жүлдегерлер қатарынан көрініп, мектепті бітірген соң үздік оқушы ретінде шетелдік айтулы оқу орындарының гранттарын иеленіп, соларда білім алуда.
Келес ауданының Бірлесу ауылдық округінде орналасқан №33 “Жуантөбе” жалпы білім беретін мектебінің 2019 жылғы түлегі Саттар Жансая Нұрланқызы да мектеп қабырғасынан бастап өзін ізденімпаз да үздік оқушы ретінде көрсетіп, мектепті бітірген соң шетелдік жоғарғы оқу орнына рантпен оқуға түскен білімді де белсенді қазақ жастарының бірі. Жансая қазіргі таңда Италияның Парма қаласында магистратурада грант негізінде білім алуда.
Дарынды шәкірт жақында Harvard университетіне «Қазіргі әлемді басқаратын бірегей идеяларды жасаудың негізгі құндылығын көрсететін «Жаңа көкжиектерді құру: бүгін мен болашақты карталау» болашақ көшбасшы, спикер ретінде қатысып, халықаралық деңгейде сертификат алды.
– Мектеп ұстаздары осындай дарынды түлектерін қашан да мақтан тұтады. Жансаяның тілдерді меңгеруіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Букенбаева Шолпан Ешманқызының еңбегі зор болды. Білім ордамызда оқушылардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған, — дейді мектеп директоры Жазира Тиленова.
Айта кетейік, келестік түлек Harvard университетінен бөлек, Сambridge (Кембридж) университетінде өткен көшбасшылықты басқару тақырыбында 5 күндік семинарға қатысып, жақсы көрсетікш көрсеткені үшін сертификатталған болатын. Бүгінде №33 «Жуантөбе» жалпы білім беретін мектебінде қазіргі таңда 900-ден аса оқушы білім алады.