ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ӨСІМ БАР

0
44

Мемлекет «Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске қосу арқылы аймақтардың экономикалық дамуына серпіліс беріп, сол арқылы мемлекеттің жалпы дамуының қарқынын арттыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін аймақтардың әкімдерінің жауапкершілікпен, белсенділікпен, инновациялық ізденіспен жұмыс жүргізулері қажет. Ал еліміздің экономикалық дамуы қарқынды болса халықтың әлеуметтік жағдайы да жақсарып, өмір сүру деңгейлері жоғарылайды. Яғни әлеуметтік мемлекет ретіндегі мақсат толық жүзеге асады. Сондықтан да, Президент өзінің биылғы жолдауында «Еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктерді қарастырған жөн. Басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру. Жұмысты дұрыс үйлестіре білсек, бұл – қолдан келетін шаруа.

Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс. Яғни, әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет» деп үкіметтен бастап барлық министрліктер, әкімдіктер қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеру арқылы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында жұмыс жасауы қажеттігін айтты.

Өңірлердің қол жеткізіп жатқан жетістіктері мен экономикалық көрсеткіштері де түптеп келгенде осы қағидатпен бағаланады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өзі де белсенді болумен қатар қала, аудан әкімдерінің де белсенділігін, жұмысқа жауапкершілігін талап етіп отырады. Соның арқасында облыс бойынша биылғы жеті айдың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім бар. Әсіресе, облыс экономикасына инвестиция тартудың арқасында аймақ экономикасын дамытуға 499,3 миллиард теңге бағытталып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 128,9 процентті құрап отыр. Бұл республикалық деңгейдегі жақсы көрсеткіш. Облысқа ішкі және сыртқы инвестициялық жобаларды тарту одан әрі жалғасуда.

Түркістан облысының 2024 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім бар. Облыста 648,1 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6 % құрады.

Өңірде өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 45% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 291,9 млрд. теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі – 111,6 %, өнім көлемі 301,5 млрд. теңгеге жетіп отыр. Индустрияландыру картасы аясында өңірде өнеркәсіп әлеуетін көтеруге мүмкіндік беретін 13 жоба жоспарланған. Оның ішінде 7 жоба іске қосылды.

Биылғы 7 айда өңірде 11 571,4 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 106,6%-ды құрады. Көлік және қоймалау қызметі 260,4 млрд. теңгені құрады. Байланыс қызметтерінің көлемі 5,6 млрд. теңгеге жетті.

2024 жылғы 1 тамыздағы көрсеткіш бойынша Түркістан облысының жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 210 мыңға жуықтады. Облыс экономикасын дамытуға 499,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 128,9%-ды құрады.

2024 жылғы қаңтар — шілдеде құрылыс жұмыстарының көлемі 198,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119%-ды көрсетті. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы – 460,9 мың шаршы метр.

Биылғы 1-ші тамыздағы дерек бойынша облыстың кіріс көздері арқылы бюджетке нақты 143,6 млрд. теңге түсім түсті. Орындалуы – 105,4%.

Өңірде халық саны 2 150,8 мың адамды құрап, 2023 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 1,6 мың адамға немесе 1%-ға өскен.