«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ҚАТАРЫ ӨСУДЕ

0
74

Қазіргі нарықтық заманда қаржылық сауаттылықсыз аттап басу қиын болып қалды. Оның үстіне электроника мен интернет жүйелерінің дамып кеткені сонша адамдар қолындағы телефон арқылы көптеген қаржылық операцияларды, сауда-саттық, несие рәсімдеу сияқты шаруаларды да тындыра береді. Бүкіл әлемдегі ғылыми-техникалық, элктронды-технологиялық жаңалықтар әпсәтте дүниежүзінің түкпір түкпіріне жететін болды. Цифрландыру технологиясы адам өмірінің барлық салаларына ендеп кірді. Міне осындай күрт дамудың жылдамдығына ілесе алмағандар алаяқтықтардың құрбаны болып, немесе сандық технологияны білмегендіктен көп нәрседен құр қалуда. Тіпті отбасылық бюджетті жоспарлау, басқа да есеп қисаптар үшін де қаржылық сауаттылық қажет.
Мемлекет қоғамдық, бизнестік ұйымдардың «Қарызсыз қоғам» жобасын қолдап, оның бүкіл елімізде қанат жаюына жағдай жасап отыр. Соның арқасында былтырдан бастап республиканың барлық аймақтарында, тіпті ауылдарда да әҚарызсыз ұоғам» жобасы бойынша қарапайым азаматтар қаржылық сауаттылыққа оқытылып, арнайы қурстандан өтіп сертификаттар алуда. Бұл жұмыс Түркістан облысының қала, аудандарында, елдімекендерінде де қарқынды жүргізілуде.
2024 жылдың 16-20 қыркүйек күндері аралығында Сайрам ауданы, Қарабұлақ, Арыс ауылдық округтерінде «Қарызсыз қоғам» жобасы жүйелі түрде жалғасуда. Аудан аумағындағы ауылдық округ тұрғындарына арналған оқу семинарына денсаулық сақтау, білім, өкіметтік емес ұйымдар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар және ауыл тұрғындары, жалпы Қарабұлақ ауылдық округінде 118, ал Арыс ауылдық округінде 80-ге жуық азамат қатысты.
Аталған жоба аясында «Ұлы дала» ассоциациясы «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы, кәсіпкер Амиралиева Айгерім Алиқызы тұрғындарға арналған оқу семинарын өткізді. Өз кезегінде, қаржылық сауаттылықтарын арттырған азаматтарға біліктіліктері бойынша арнайы сертификаттар табыс етілді.
Бұдан бөлек, «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының кеңесшісі Гуломжон Ирискельдиев, Сайрам ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлсара Ташимова, Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының кәсіпкерлік саласы бойынша бас-маманы Бахрамжон Имамов жобаны жүзеге асыру аясында семинарға белсене атсалысты.
Оқыту-семинары соңында Айгерім Алиқызы тұрғындардың ұсыныстары және сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізді. Оларға заң аясында ақыл-кеңестер айтып, пайдалы мағлұматтармен бөлісті.
Айта кетейік, оқу барысы ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін Арыс ауыл округінде жалғасын табатын болады.