ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАСІРЕТІ

0
82

Біздің заманауи дамыған қоғамда тұрып жатқанымызға қарамастан, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Сол сияқты Президент те биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын Жолдауында елімізде заңдылықтарды бұзбай, тәртіпті қатаң сақтау арқылы әділ де ынтымақты қоғам құруға болатынын, әсіресе, аналар мен балалардың қауіпсіздігі қорғалуы керектігін айтты. Сол сияқты отбасындағы зорлық-зомбылықтың балалардың тәрбиесіне кері әсер етіп, отбасылық құндылықтардың бұзылуына апарып соғатынын, адамдардың конституциялыұ ұүұыұтары бұзылатынын да айтып осы мәселелерге құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар мен қоғам, халық болып қарсы тұрып, отбасылық құндылықтар сақталған, ана мен балаға қауіпсіз, заңдылық пен тәртіп үстемдік еткен қоғам құру мемлекетіміздің дамуының кепілі екенін айтты.
Осы орайда Созақ аудандық полиция бөлімінің Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тобының инспекторы Айжан Манапова аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында орналасқан балалар кітапханасында 26 кыркүйек күні «Зорлық зомбылық — қоғам қасіреті» атты кітап көрмесімен танысып, кітапхана қызметкерлеріне қоғамдағы зорлық зомбылық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты — қоғамдағы зорлық-зомбылықтың жолын кесуде халықты сауаттандыру, жәбірленушілерге ақпараттық көмек көрсету. «Заң және заман», «Заң» басылымдарындағы арнайы сала мамандарының зорлық-зомбылықты болдырмау, болған жағдайда қандай заң орындарына жүгіну қажеттілігі жөнінде мақалаларын талқылай отырып, буллингке ұшыраған жандарға көрсетілетін алғашқы көмек жайлы да мағлұматтар беріп өтті.
Балалар кітапханасының меңгерушісі Ғалия Маймақова мен кітапханашылар Гүлім Амангелді, Назерке Абдуллаева өздерінің құқтық білімдерінің жетілдіргеніне полиция инспекторына алғыс білдіріп, алдағы уақытта етене жұмыс жүргізуге уағдаласты.
Созак аудандық полиция бөлімінің инспекторы Айжан Манапованың ұйымдастыруымен аудандағы Ы.Алтынсарин мектеп оқушыларына «Буллинг,Кибербуллинг» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дәріс өткізілді.
Мұндағы басты мақсат: оқушыларға буллинг пен кибербуллинг туралы түсініктеме беру және өзара қарым қатыста әдептілікке шақыру. Полиция инспекторы Айжан Манапова дәрісті «Мен зорлық зомбылыққа қарсымын» тренингімен бастап, қатысушыларға жалпы зорлық зомбылық дегеніміз не? Және оның қандай түрлері болатындығы жайлы айтып берді.
Келесі кезекте Созақ аудандық орталық ауруханасының психолог маманы Айгүл Дүйсенбайқызы Керімбай балаларға «Буллинг, кибербуллинг» туралы ақпарат бере отырып, оқушыларға осы күнге дейінгі статистика бойынша буллинг пен кибербуллинг құрбаны болған балалардың саны мен жасы туралы айтып, егер де өздері немесе өзге біреулер осындай жағдайға ұшырап жатса не болмаса білетін болса оған дереу түрде қандай көмек көрсету керек екендігін айтып, және кімдерге көмекке жүгіну керектігін түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде оқушылар аталған жаман әркетке бармайтындықтарын жеткізіп, білім мен тәрбиені қатар алып жүруге уәде берді.