«ЖАС САРБАЗ» САЙЫСЫ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

0
191

Түркістан облысында балалар мен жастардың бұқаралық спорт түрлеріне қызығушылығын, денешынықтырумен айналысып шымыр болып өсуге талпынысын ояту бағытында жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде мектеп оқушыларын алғашқы әскери дайындыққа баулып, отаншылдығымен қатар әскери машықтарды біліп, үйренуіне ықпал ету үшін арнайы сайыстар мен жарыстар да өткізіліп отырады.
Түлкібас аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастырумен 2024 жылдың 27 қыркүйек күні «Түркібасы» жалпы білім беретін мектебінің базасында аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «Жас сарбаз» сайысы өткізілді.
Мақсаты: Жастардың патриоттық және ұлттық идеологиялық әрекеттерге және жасөспірімдерді физикалық қуаттылығын нығайту, тұлғаны тәрбиелеу, әскери дағдыларды шыңдау, әскерге деген оң пікір қалыптастыру, ҚР Қарулы күштеріне деген құрметін нығайту.
Жастардың патриоттық және ұлттық идеологиялық әрекеттерге және жасөспірімдерді ҚР Қарулы күштеріне деген құрметін, әскери борышты өтеуге, жанжақты әскерге дайындауда оң пікір қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында аудандық «Жас Сарбаз» сайысы өтті. Іс-шараға ауданның 12 білім беру мекемесінен «Жас сарбаз» ұйымының мүшелері қатысты. Іс-шараның ережесіне сәйкес қатысушылар түрлі әскери жаттығулар, қарумен нысана көздеу, кір тасын көтеру, садақ ату, арқан тартыс және т.б. сындардан өтті. Жеңімпаз командалар арнайы жүлделі орындармен, дипломдармен, және бірнеше номинациялармен марапатталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар мен ересектер арасында бұқаралық спорт түрлеріне және дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын ұстануға баулитын ішаралар да аудан көлемінде жиі ұйымдастырылып отырады.Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныктыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Азаттық ауылындағы спорт кешенінде «Есірткісіз жарқын болашақ!» атты ұранымен «Әкем, Анам және мен» атты отбасылық аудандық толағай жарысы өткізілді.
Жарыстың мақсаты: отбасы құндылығын дәріптеу, спортты халық арасында кеңінен насихаттау, аудан тұрғындарын салауатты өмір салтына бейімдеу, қоғамдағы ата-ана рөлін басты назарда ұстау болып табылады.
Жарысқа аудандық спорт қызметкерлерінің отбасыларының командалары қатысты. Команда құрамы: 4 адамнан әкесі, анасы және ұл-қыздары.
Қатысушы отбасылар таныстыру, орнында тұрып ұзындыққа секіру, шеңбер (обруч) арасынан жүгіріп өту, теннис ракеткасымен шарды ұрып, кедергілерден өту бойынша жарысқа түсті.
Жарыс нәтижесінде І орынды №4 БЖСМ , ІІ орынды №3 БЖСМ, ІІІ орын №1 БЖСМ қызметкерлерінен құралған отбасылар иеленді.
Жарысқа қатысушылар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы сыйлықтары, дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.