30 АДАММЕН ШАХМАТ СЕАНСЫ МЕН ЭТНОФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

0
80

Көне спорт түрлерінің бірі – шахмат ойыны бүгінде елімізде кеңінен қанат жайып, білім ордаларында да үйретілуде. Қалалар мен ауылды елдімекендерде де шыхмат клубтары мен үйірмелері ашылып, қызығушылар миды дамытатын спорт түрімен қалауынша айналысуда. Қазақстан шахматшылары әлемдік додаларда ерлер арасында да әйелдер арасында да жүлделер алып, чемпиондық тәжді де иелене бастады. Созақ ауданында «Шахмат керунеі» шарасы аясында шахматқа арналған іс-шаралар өткізілуде.
Созақ Аудандық “Мыңжылқы” мәдениет үйінде, Халықаралық дәреждегі жаттықтырушы Қуанышбек Жұмаділдаев бір мезетте 30 қарсыласпен шахмат сеанысын өткізді. Басекелестері Созақ ауданының тұрғындары. Бірі мектеп оқушысы болса, бірі ұстаз, бірі зейнет жасындағы жандар.
Қуанышбек Жұмаділлдаев математика ғылымдарының кандидаты, ММУ түлегі,
Қазақстан шахмат федерациясы степендианты. Қазақ Ұлттық Университетінде оқытушы болған. Шахмат туралы 16 кітаптың авторы, көптеген шахмат шеберлерінің еңбектерін қазақ тіліне аударған.
Қазіргі таңда Түркістан қалалық балалар және жасөспірімдер спорт клубында шахматтан жаттықтырушы болып еңбек етеді. Шәкірттері Қазақстан шахмат шеберлер болды. Әлемдік деңгейде танымал жаттықтырушы. Сондай-ақ, бүгінгі шараға
Қазақстан шахмат федерациясының Түркістан облысы филиалы атқарушы директоры, шахмат жаттықтырушысы Майкотов Асхат, Халықаралық Жазушылар Одағы мүшесі, журналист, БЖСК шахмат нұсқаушысы Пашанова Алима да қатысты.
Айта кету керек, ертең “Шахмат керуені” аясында Созақ ауданында шахматтан ашық біріншілік өтеді.
Ал өңіріміздегі мегаполис — Шымкент қаласының әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Дархан дала дәстүрі мен ойындары» республикалық этнофестивалі өтті.
Ұлт құндылығын, ата дәстүрді дәріптеу мақсатындағы фестивальге республика көлемінен Өскемен, Қызылорда, Түркістан, Шымкент сондай-ақ, Қырғыз Республикасынан ұлттық спорттықойындар мен әдет-ғұрыптың шебер өнерпаздары қатысты.
Этнофестиваль жеті жанр бойынша өтті. Қатысушы топтар ғұрыптық әндерден театрландырылған көрініс, келіндер сайысы, жілік шағу, қошқар көтеру, асық ату, бұқа тартыс, қол күрес сынды ойын түрлерінен сынға түсті.
Түркістан облысынан қатысқан «Тұран» тобы аталған жанрлар бойынша үздік деп танылып, жүлделі I орынды қанжығасына байлады. Жүлделі II орынды
Қызылорда облысы иеленсе, III орын иегері Шығыс Қазақстан облысының қатысушылары болды.
Ал Шымкент қаласынан және Қырғызстан елінен келген қатысушы топтар арнайы жүлделермен марапатталды.