ҚАЛА КҮНІНЕ ДАЙЫНДЫҚ, ОТБАСЫЛЫҚ КАРТА МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

0
61

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар тек әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешумен шектелмейді. Ұлттық жоба қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы болуымен қатар өмір сүру деңгейі өсіп, рухани-мідени, отбасылық және ұлттық құндылықтарының да биіктеп отаншылдықтары артуына септік етуі қажет. Бұл жұмыстарды атқаруда Отбасылық цифрлық картасының да атқаратын рөлі маңызды. Ол карта арқылы әрбір отбасының барлық ілеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып, зерделеп, солардың нәтижесіне қарай мемлекеттік қолдау білдіру, жұмыспен қамту, тағы басқа да мәселелер зерттеледі.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқы болып қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жалғас Жақаев қазан айында аталып өтетін «Қала күніне» дайындық барысы жайында баяндама жасады.

«Қала күні» қарсаңында рухани, спорттық және мәдени шаралар өткізілмек. Әр күнге арнайы бағдарлама жасалып, Кентаудың тарихы мен жарқын болашаққа қадам басуға бағытталған шаралар тұрғындарға ұсынылмақ.

Сонымен қатар, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Андосов Отбасының цифрлық картасындағы Д және Е деңгейлеріндегі отбасыларына толық зерделеу жүргізіп, жұмыс істемейтін, тіркелмеген және активтері жоқ жұмыссыз азаматтарды көленкеден шығару шараларын жүйелі түрде пысықтап, осы деңгейдегі әрбір отбасылар санын төмендету туралы атқарып жатқан жұмыстары бойынша баяндама жасады.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ж.Тасов алда келе жатқан мерекелерді жоғары деңгейде атап өту бойынша тапсырмалар берді. Сондай-ақ айтылған кемшіліктер бойынша жауапты мекеме басшыларын сынға алып, кемшіліктерді тез арада түзету үшін нақты жұмыстар көрсету керектігін ескертті.

Сол сияқты Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының таоаптарына сәйкес қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген қала тұрғындары бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жер мәселесі, пәтер алу, жұмыссыздық және әлеуметтік көмек мәселесі айтылды.

Тұрғындардың арыз-өтінішін зейін салып тыңдаған қала басшысы, бірқатарына заң шеңберінде жүзеге асырылатыныны түсіндірді. Шешімді қажет ететін жағдайларға жауапты сала басшыларына зерделеп, шешу жағын қарастыруды тапсырды.

Жеке қабылдау қорытындысымен қала әкімі орынбасарлары мен жауапты бөлім басшыларына әрбір тұрғын тарапынан айтылған мәселелерді назарда ұстап, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар жүктеді.

Қала әкімі Жандос Тасов Байылдыр ауылында болып, елді мекенді газға қосу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып, 2,8 шақырымдық монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Газ желісінің жалпы ұзындығы — 12 шақырым. Оның ішінде: Жер астымен 8 шақырымдық, жер үстімен – 4 шақырымдық.

Газ құбырын жүргізу жұмыстары тамыз айында басталып, 2025 жылдың шілде айында аяқталмақ. Жұмыстар толық аяқталғанда 361 абонент газбен қамтылады.