ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 4 ЖАҢА МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

0
94

Қазақстан Республикасында білім беру саласын реформалап, білім берудің озық технологиялары мен заманауи әдістерін енгізіп, цифрландыру мен робототехника технологияларын оқушыларға меңгерті мақсат етілген. Заманауи білім беру әдістерін ендіру үшін мектеп ғимараттары мен олардың озық құрал-жабдықтармен жабдықталуы қажет. Ал, ол үлін стандарттарға жауап беретін білім ғимараты мен арнаулы пәндік сыныптар, лабораториялық бөлме, шеберлік сыныптары да болуы маңызды. Сондықтан да Түркістан облысында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп, жаңа мектеп ғимараттарын талапқа сай саплы етіп салу, білім ордаларына күрделі жөндеу, қосымша ғимараттар қосып салу арқылы жоғарыдағы талаптарға сай білім беру жолдары жүзеге асырылуда.

Түркістан облысы аумағындағы елді мекендерде білім ұяларының құрылысы жалғасып жатыр. Қазығұрт ауданында бой көтерген 4 мектептің құрылысына облыстық бюджеттен жалпы 2 528,1 млн теңге қаржы қаралды.

Биыл жаңа оқу жылында аудандағы Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекеніндегі 100 орындық «Айнатас» мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Құрылыс жұмыстарын Түркістан облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «CK New City» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Сонымен қатар С.Рахымов ауыл округі, Көкібел елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Мердігер мекеме – «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат елді мекенінде «Direct Delivery» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа білім ошағының құрылысын жүргізуде. 300 орындық мектепті биыл пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Құрылысы қазан айында басталатын Шарбұлақ ауыл округі, Шарбұлақ елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысын келесі жылы аяқтау күтілуде. Құрылыс жұмыстарын жургізуге конкурс нәтижесімен «SHEBERBUILD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталған.

Білім нысандарының құрылыс барысы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауына алынған.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықпен тығыз байланыс орнату, жекелеген азаматтардың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт және С.Рақымов ауыл округтерінен келген бірнеше тұрғынмен жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім, мекеме басшылары мен мамандары, жоғарыда аталған ауыл округі әкімдері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындар интернет желісі, жол салу және жарықтандыру мәселелері төңірегінде сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы сұрақтар мен өтініштерді тыңдап, барша мәселе маңыздылығына қарай жоспар бойынша кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізіп, нақты дәлелдермен заң аясында жауап берді. Сондай-ақ, тиісті бөлімдер, мекеме басшылары мен ауыл округі әкіміне өтініштердің шешімін табуды тапсырды.