КӨШЕ ЖОЛДАРЫ МЕН АРЕНДАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН АРАЛАДЫ

0
90

Мемлекеттік бағдарламалар және бюджеттік қаражаттар бойынша Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қалалар мен аудандарда, оларға қарасты елдімекендерде құрылыс, автожолдарды жөндеу мен асфальт жабындысын төсеу, тұрғын үйлер салу, оларды қысқы маусымда жылыту мен су тасқыны сияқты төтенше жағдайлардан қорғау, басқа да жұмыстар жергілікті басшылардың қатаң бақылауында. Олар жасалынып жатқан жұмыстарды жиі аралап, көзімен жағдайды көріп, кем-кетігі болса тез арада жөндеуді тапсырып, жоспарлардың дер кезінде сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тырысады.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев  «Ауыл–Ел бесігі» бағдарламасы аясында Тегісшіл ауылдық округіне қарасты елді мекендер көшелеріне жүргізіліп жатқан жолдардың жөндеу жұмыстарының сапасын бақылап қайтты.

Жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жол жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес мерзімінде, сапалы аяқтауды, ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Доспуловқа жұмыс барысына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Айта кетсек, аталған ауылдық округке қарасты Тегісшіл, Таскескен, Мәдениет елді мекендерінің  көшелеріне жалпы ұзындығы 29,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан басшысы сондай-ақ, Қызылжар ауылдық округінің көшелеріне жүргізіліп жатқан асфальт төсеу жұмыстарының барысын бақылап, жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды. Сонымен қатар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Доспуловқа бірқатар ескертпелер беріп, жұмыс барысын қадағалауды тапсырды.

Бұл округте жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайтын О. Есенбеков, И. Жәнсүгіров және Мекенбай ата көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, О.Есенбеков көшесіне асфальт төселуде.

Аудан әкімі «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын  да саралады.

Құрылыс нысанының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандықтан берік әрі сапалы болуы қажеттігін ескертті. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Қосмұратовқа құрылыс барысын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Айта кетсек, «тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2024 жылы Сарыағаш қаласы аумағында жеке инвестор Б.Қосалиев 90 арендалық пәтердің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда, 60 пәтердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып,30 пәтердің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сарыағаш аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы аудан басшысының қатысуымен өтті. Комиссия отырысына аудандық азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері құрамына кіретін мекеме басшылары, қала, және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе  аудандағы орталықтандырылған жылыту қазандықтарының 2024-2025 жылдардаға  жылыту кезеңіне дайындығы бойынша

ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы Ә.Құрбанов баяндады.

Келесі мәселе 2024-2025 жылғы қыс-көктем мезгілдерінде су тасқынын алдын алу сонымен қатар, болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шаралары туралы Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұл және  Жылға ауылдық округінің әкімі Ғ.Бижановтар баяндап өтті.

Үшінші мәселе төтенше жағдайларды жою кезінде  қажетті құралдарды басқару туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Акатов баяндамасы тыңдалды.

Жиын барысында аудан әкімі апаттың айтып келмейтіндігін, сондықтан тәуліктің кез келген уақытында түрлі жағдайларға сақадай сай болу қажеттігін ерекше атап өтті. Сол үшін барша мекеме басшылары өз салаларында төтенше жағдайдың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында жоғары деңгейде ұдайы жұмыстарды жандырып отыруды,жүйелендіруді тапсырды. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік мекемелерге қыс-көктем айларында қауіпсіздік деңгейін қажетті дәрежеде қамтамасыз ету бойынша уақытылы іс-шаралар жүргізуді, жалпы дайындық жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы жөнінде тапсырмаларды жүктеп,хаттамаларға енгізілді.