АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

0
65

Қазақстан Республикасында халық сайлаған өкілетті органдардың бірі жергілікті мәслихаттар болып табылады. Мәслихаттар халықтың берген дауысы арқылы сайланғандықтан сол азаматтардың, яғни сайлаушыларының мүддесін қорғайды. Мәслихат депутаттары өздерінің өкілеттілігі аясында сол аймақтың атқарушы органдарының жұмысын қадағалап, олардың атқаратын жұмыстарымен танысып, бекітіп отырады. Бір сөзбен айтқанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде өздерінің шешімдерімен, ұсыныстарымен жергілікті атқарушы биліктің жұмысының заң аясында жүргізіліп, тұрғындардың мүддесіне сай жұмыстар жүргізілуіне үлес қосады. Депутаттық корпус пен атқарушы органдар бірлесіп ортақ мүдде үшін жұмыс атқарса, ол өңірдің дамуына қарқын қосылады.

Отырар  ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы өтті.

Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынның күн тәртібінде 11 мәселе қаралды. Жиынды мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды.

Атап айтқанда, Шәуілдір ауыл округі әкімінің, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2023 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есептері, Отырар ауданын басқару схемасын бекіту туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы №5/24-VII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 мамыр 2023 жыл 2/7-VIII «Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 мамыр 2023 жылғы №2/8-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 наурыздағы №14/82-VII «Отырар ауданының мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы №27/144-VI «Б» корпусы Отырар аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күшін жою; Отырар аудандық мәслихатының 12 шілде 2024 жылғы №17/95-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 шілде 2024 жылғы №17/98-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 шілде 2024 жылғы №17/97-VIII «Отырар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шәуілдір ауыл округінің әкімі Ғалым Қыдыр, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймұрзаев, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Мақсат Талғатұлы, аудан әкімі аппаратының заңгері Асхат Әмірхан мен аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Нұрлан Момбек хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сессияның күн тәртібіндегі маңызды мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталғандықтан сессияда тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия жұмысының соңында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы депутаттық корпусқа сессия мәселелерін қараудағы жемісті, сапалы жұмысы үшін алғыс айтып, мәслихаттың депутаттық корпусы атқарушы билікпен бірлесіп ауданның әл-ауқатын арттыруға күш-жігерін жұмсайтынын айтып, сенім білдірді.