«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АҚСУКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын биылғы Жолдауында «Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал, биыл одан да көп адам қатысады» деп азаматтардың қаржы және экономика неіздерін білуін қамтамасыз ет қажеттігін айтты. Өйткені, қазіргі қоғамда цифрлық технологиялардан, қаржылық мәселеден сауатсыз болсаі алаяқтардың жемтігіне айналасың. Сондықтан да «Ұарызсыз қоғам» жобасы дер кезінде қолға алынып отырған шара.
«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылық оқуы 2024 жылдың 30 қыркүйек-11 қазан күндері аралығында Ақсукент ауыл округінде бастау алды. Анығын айтқанда, Ақсукент ауылдық округіне қарасты №7 Бабыр атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында оқу семинары ұйымдастырылды. Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған басқосуда «Ұлы дала» ассоциациясы «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы, кәсіпкер Айгерім Амиралиева ауыл тұрғындарына оқу семинарын өткізді.
Айта кетейік, оқуға ниет білдірген 160-қа жуық азамат өздеріне керекті мәліметтерін алды.
Аталмыш оқу семинарына аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов арнайы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, «Аmanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының кеңесшісі Гуломжон Ирискельдиев, Сайрам ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлсара Ташимова, Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Ажибеков, Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік сала бойынша бас маманы Бекзада Махажанова «Қарызсыз қоғам» жобасына белсене атсалысты.