ҚАЛАҒА БЕРІЛЕТІН ЖОЛ МЕН БАРЛЫҚ ӨНІМ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

0
56

Қазақстан Республикасында «Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзеге асырылуда. Бұған дейінгі қабылданған мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды пайдалана отырып барлық өңірлердің дамуына серпін беруді мақсат ететін бұл ұлттық жоба қала мен дала деп бөлек қарамай барлық өңірлердің әлеуметтік-экономикалық қана емес жан-жақты, барлы бағыттарда қарқынды да толыққанды дамуын қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Сондықтан да, Түркістан облысының барлық өңірлерінде, оның ішінде облыс орталығы Түркістан қаласында да  инфрақұрылымдарды дамыту, өнім өндірудің сапасын жақсарту сияқты өңір дамуында үлкен әсері бар салаларды дамыту мен қадағалау назардан тыс қалған емес.

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Түркістан облысы филиалы директорының орынбасары Қанат Жолтаевты қабылдады.

Қабылдауда «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының теңгеріміндегі жолдарды қала теңгеріміне қабылдау бойынша өзекті мәселелер сараланды.

Шаһар басшысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің 21,2 шақырымын Түркістан қаласы аумағына қабылдау үшін кемшіліктерді қалыпқа келтіріп, ең алдымен кезек күттірмейтін мәселелердің бірі жол бойындағы қоқыстар мен қураған шөптерден тазарту керектігін жеткізді. Жаяу жүргіншілер жолы, аяқ жолдар, бағдаршам, жол белгілері мен жарықтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жою қажеттігін тапсырды.

— “Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізіндегі қала теңгеріміне өтетін 21,2 шақырымдық жолдың 3 шақырымының темір қоршауын сырлау жұмыстары жүргізілуі қажет. Сондай-ақ, жол апатынан зақымдалған, тозығы жеткен жол белгілерін орнатып, істен шыққан 124 жарықшам қалпына келтірілуі тиіс. 21,2 шақырымдағы жол бөлу сызбалары қайта жаңартуды қажет етеді. 10 бағдаршам тұсындағы жол жабындысына жөндеу жұмыстарын жүргізілуі тиіс”, — деп атап өтті.

Сонымен бірге Түркістан облысындағы барлық өнімдердің сапасы жіті бақылауда. Тексеріс барысында азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерінің 29 үлгісі сатып алынды. Оның ішінде сүт өнімінен ішек таяқшалары тобының бактериялары, торт өнімінен стафилококк табылып, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 3 өнім сатылған. Бұл туралы өткен брифингте «Манғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биятан мәлімдеді.

— Кәсіпкерлер тауарды сату кезінде көп жағдайда температуралық режімді сақтамайды. Базарлардың жанындағы көше дүңгіршектерінде аптап ыстықтарда тәтті тоқаштар мен торттардың сатылып жатқанының куәсі болдық. Өнімді сатып алу кезінде көптеген сатушылар фискалды және сату түбіртектерін бермеген, Бұл әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 284-бабын бұзу болып табылады. Ал дүкендердегі сапасыз өнімді кері қайтару үшін фотосы мен банк аударымдары жеткілікті дәлел бола алмайды, — деді спикер.

Сонымен қатар баспасөз мәслихаты аясында Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Асқар Әшімханов сала бойынша өңірдегі 9 айда атқарылған істер бойынша баяндама жасады.

— Қазіргі таңда департамент және «Адал» қоғамдық бірлестіктері тарапынан 2024 жылдың 9 айында жалпы саны 44 тауар сатып алынып, зертханалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Түркістан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Нәтижесінде 44 тауардың 26-сы (ет,сүт, тауық еті және т.б) арнайы зертханаға тексеру үшін жолданып, кемшіліктер анықталған 9 тауар дүкендердегі сатылымнан алынды, — деді сала маманы.