ЖАСТАР ҚОҚЫСТАРДЫ СҰРЫПТАУ ЖӘШІКТЕРІН ОРНАЛАСТЫРДЫ

0
60

Қазақстан Республикасының «Жастар саясаты туралы» заңы мен басқа да жастар туралы бағдарлама, жобаларда қазақстандық жастардың тәрбиесі мен білім алуын, жан-жақты болып есейіп елдің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани, әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігіне белсене араласуындағы белсенділіктерін арттырып, отаншылдықтарының беріктігін  қалыптастыру болып табылады. Жастарының саны жағынан республикада алдыңғы орындардағы өңірдің бірі ретінде Түркістан облысының әкімдігі жастар саясатын жүзеге асыру бағытында елеулі жұмыстар атқаруда. Жастардың білім алуы, жұмыспен қамтамасыз етілуі, жан-жақты да белсенді, отаншыл болуын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде облыс жастары көп мәселелерде инновациялық шешімдер қабылдауға, өңір дамуы мен қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуға араласып келеді.

Ордабасы ауданының жастары бүгінде көптеген игі істің басы-қасында жүр. Соның жалғасы ретінде белсенді жастар тағы бір істі қолға алды. Олар енді өңірдің тазалығын ойлап, аудан тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалыспақ. Олар ауданда алғаш болып қоқыстарды сұрыптауға арналған жәшіктер орналастырды.

«Эко Ордабасы» қозғалысының қатысушылары халық көп шоғырланған көше бойы мен «Самұрық» аллеясына темір металлдан жасалған түрлі-түсті пластик, қағаз және шыны қалдықтарын сұрыптап тастайтын контейнерлер орналастырды. Бұл жоба Түркістан облысының «Азаматтық альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен жүзеге асты.

Ордабасы аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Баймаханованың айтуынша, алдағы уақытта қоршаған ортаның тазалығына қатысты жұмыстар өз жалғасын табады. «Мұндағы мақсатымыз –өңдеуге жататын қалдықтарға екінші өмір беру және көпшілік арасында қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру. Мұндай жаңашылдық ауыл тұрғындарының көңілінен шығып отыр. Тұрғындар сұрыптауға деген қызығушылық білдіріп, қоқыстарды жәшіктерге сұрыптап тастауда. Қоршаған ортаны қорғау әрбіріміздің міндетіміз» деген аудан жастарының көшбасшысы ауыл тұрғындарын өз аулаларын таза ұстап, ретке келтіруге, сонымен қатар айналасын абаттандырып қоюды күнделікті дағдыға айналдыруға шақырды.

Мемлекеттің жұмыспен қамтуға арналған бағдарламалары мен жобаларында әрдайым жастарға да елеулі орын бқлініп, жастардың жеке кәсіпкерлігін дамытуға деген талпыныстары да үнемі қолдау мен жәрдемге ие болып отырады. Түркістан облысында жастардың жұмыспен қамтылуына, төмен пайызбен несие алып кәсібін ашуына, мемлекеттік қайтарымсыз грантты ұтып алып жаңа бизнесін бастауына, субсидия алуына да мүмкіндіктер жасалынуда. Соның арқасында мыңдаған жастар селтеңдеп бос жүрмей кішкене ғана болса да жеке кәсібін ашып алып, жұмыс жасауда.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерді дамыту жөніндегі ұлтық жоба шеңберіндегі жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға, комиссияның оң қорытындысымен Көкенов Нұралы Жақсыбекұлы 2023 жылы 1 380 000 теңгенің грантын ұтып алып, қаржыға арнайы сабын өндірісіне керекті заттарын сатып алған. Мемлекеттің қолдауымен үйінен сабын өндірісі кәсібін ашқан. Кәсіпкер кәсібін бастамас бұрын нарықты зерттеп, қыр-сырын жетік меңгерген. Қазіргі таңда жанына жалау болып жүрген әкесі Ж.Мырзахметовпен бірге сабын шығарып сұраныстарға ие болуда.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген қаражаттың мақсатты жұмсалып, кәсіпкерлер қатарының артуы — елдегі жұмыссыздықтың төмендеуі мен халықтың әлеуметтік жағдайын арттырудың тиімді жолы болмақ.