КЕЗДЕСУДЕ ӨЗЕКТІ ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ

0
51

Мемлекет басшысының әкімдерді халықпен кездесулерді жаңа форматта шынай түрде өткізуін міндеттеген Жарлығына сәйкес және «Өалық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарын орындау мақсатында Түркістан облысының қала, аудандарының басшылары өз аумақтарындағы тұрғындармен кестеге сай кездеуселер өткізуде.Төлеби ауданында да ауылдарда  аудан басшысының елдімекен тұрғындарымен кездесулері өтуде.

Аққұм ауылдық округінде өткен кездесуде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев ауданның әлеуметтік-экномикалық даму көрсеткіштерімен қатар, округ аумағында атқарылған жұмыстарды баяндады. Жүзеге асатын жобаларды таныстырып, 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында округ халқы тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысын түсіндірді.

2024 жылы Аққұм ауылының аумағына кіре беріске арка орнатылып, Момынай елді мекендерінің жаңа массивтеріне инженерлік-коммуникация құрылысы жүргізілуде. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Аққұм елді мекеніндегі Жалғызағаш көшесі орташа жөндеуден өтуде. Момынай елді мекенінің жалпы ұзындығы 1,50 шақырымды құрайтын Ақтас көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аққұм елді мекенінің ауыз суын ағымдағы жөндеуге 10 млн теңге қарастырылып, мердігер анықталды. Әлі ата көшесінің 1,6 шақырымын, Момынай елді мекенінің Бекбауов көшесінің 2,5 шақырымын жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Аққұм каналының 1,5 шақырымы механикалық тазалаудан өтті.

Тұрғындардың ұсыныс-пікілеріне құлақ асып, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын талқылап, жұмыс жоспарын түзуге арналған кездесуде округ халқы ауыз су, электр бағаналарын, жол және өзге де мәселелер бойынша өтініштерін айтты.

Сержан Дауылбайұлы көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма беріп, орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді. Жеке қабылдауда да өзекті түйткілдер тарқатылып, барлық өтініш пен ұсыныс бақылауға алынды. Тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіне қарасты Қошқарата және Қарабура елді мекендерінде шағын спорт алаңшалары құрылысын жүргізу мақсатында қажетті құжаттамалық жұмыстары атқарылып, қаржысы қаралды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізетін жеңімпазды анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына салынды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Қошқарата ауылдық округі — Келес ауданы аумағындағы ең үлкен ауылдық округі қатарына жатады. Ауылдық округі 13 елді мекеннен тұрады. Елді мекендер Келес өзені бойымен Жүзімдік ауылдық округіне дейін орналасқан. Оңтүстігінде Ұшқын ауылдық округі, шығысында Абай ауылы, Біртілек, Алпамыс батыр ауылдық округтерімен, батысында Ошақты және Бірлік ауылдық округтерімен шектеседі. Ауылдық округі бойынша 2913 отбасы, 22576 тұрғын бар.

Биылғы жылы ауылдық округінде инфрақұрылым жүйелерін жаңғырту бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Бесауыл елді мекеніндегі ұзындығы 1840 метрді құрайтын Достық көшесіне орта жөндеуден өткізілді. Ұшқын елді мекенін газдандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Облыстық бюджеттен құрылыс жұмыстарына қаржы қаралып, нақтыланды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Қошқарата және 1 Мамыр елді мекендерінің аумағына жаңадан қосылған тұрғын үйлерге табиғи газ жүйесін тарту үшін қажетті шаралар атқарылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу порталына салынды.