ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітілді, сондай-ақ Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды.
Атап өту керек, еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту шаралары қамтылған Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған жоспарлар әзірленді.
Іс-шаралар жоспарында өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып жасалған Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, халықаралық деңгейдегі сертификатталған мамандарды дайындау, жұмысшы орындарын құру, жұмысшы мамандардың құқықтарын қорғау және мәртебесін көтеру қамтылған.
Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар” жылына орай ТжКБ жүйесін трансформациялау яғни, колледждер жүйесін заманауи еңбек нарығының талаптарына сай дамыту және жетілдіруде білім сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, кадрлар даярлаудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыстар жоспарланды. Игі бастаманың қатарына цифрландыру және инновациялар жұмыстар кіреді. «Дәнекерлеуші», «IT», «Агро» салалары бойынша құзыреттілік орталығы құрылады. Моноқала Кентау қаласында энергетика және құрылыс саласы бойынша заманауи шеберхана мен зертханалармен жабдықталған “Тeсhnopark” құрылады. Сондай-ақ, заманауи білім беру бағдарламалар орталығын ашуды көздеп отырмыз.
Мектеп жасындағы балаларды ерте кәсіптік бағдарлау үшін мектептерде салалық сыныптар ашу жоспарға енгізілді. Оларға агро, медициналық, педагогикалық, арнайы IT сыныптары кіреді.
Өңірдің енбек нарығына қажетті мамандықтар атласын жасау жоспарланды. “Лифторлар және эксколаторлар”, “Жылжымалы мүлікті басқару”, “Ет және ет өнімдерін өндіру”, “Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру”, “Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау”, “Агрохимия” (зертханашы,топырақтанушы)”, “Жаңартылған энергетика” сынды облыста 10 жаңа мамандық түрін ашу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қытай, Оңтүстік Корея, Германия, Франция, Иран, Түркия және Өзбекстан республикаларымен халықаралық ынтымақтастықта келісі-шарттар түзілді. Енді колледждер халықаралық аккредитациядан өтеді (Түркістан, Кентау, Сарыағаш). Осылайша Халықаралық әріптестікті дамыту ынтымақтастықты нығайту қолға алынды.
Айта кетерлігі, өңірдің экономикалық басым салаларына кадрлар даярлауда облыста 50 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасауда. Оның 28мемлекеттік, 22 жекеменшік. Бүгінгі таңда, 47 142 студент 75 мамандық бойынша білім алуда (мемлекеттікте – 29 585, жекеменшікте – 17 557). Жалпы 14-35 жастар аралығында 44 270 студентті құрайды. 30 колледжде 43 жұмысшы мамандықтар бойынша 15 710 жуық студент білім алуда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап елімізде жұмысшы мамандықтарын дәріптеп беделін арттыру мақсатында және жұмысшы мамандық дайындауда «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру» мекемелері арасында және ERG компаниясымен серіктестік жобасы аясында
Ақтөбе қаласы Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінен арнайы пән оқытушылары, білім алушы студенттері Кентау көпсалалы колледжіне тәжірибелік іс — сапармен ат басын бұрды.
Академиялық мобильдік бағдарламаның басты мақсаты – екі колледж арасындағы тәжірибе алмасуды ұйымдастыру арқылы білім беру сапасын арттыру. Бұл процесс оқытушылар мен студенттер үшін жаңа білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Қабылдаушы колледждің білім беру тәжірибесі мен заманауи техникалық жабдықтарымен танысу, өз кезегінде, қатысушыларға кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етеді.
Студенттер үшін тәжірибе алмасу – бұл жаңа әдістемелер, оқу құралдары мен зертханалық жұмыстарды үйрену мүмкіндігі. Олар басқа оқу орындарының тәжірибесін пайдалана отырып, өздерінің педагогикалық әдістерін жетілдіре алады. Сонымен қатар, оқытушылардың білім беру үрдісінде қолданатын инновациялық технологиялар мен құрал-жабдықтарды енгізу мүмкіндігі ашылады. Студенттер үшін бұл бағдарлама өз білімдерін кеңейтуге, заманауи техникалық құралдармен жұмыс істеуге, сондай-ақ басқа колледждердің тәжірибесіне сүйене отырып, кәсіби дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Студенттер тәжірибе алмасу барысында жаңа пәндер мен технологиялар бойынша шеберлік сыныптарына қатысып, өздерінің мамандықтары бойынша терең білім алады.
Тәжірибе алмасу, өз кезегінде, колледждер арасындағы байланыстарды нығайтып, болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізуге, бірлескен жобаларды іске асыруға және басқа да кәсіби салаларда ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.