КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

0
35

Былтырғы республика аумағында болған төтенше жағдайдан Мемлекет басшысының басқаруымен, барлық күштерді жұмылдыра отырып аз шығынмен өткен едік. Көктемгі су тасқыны аймақтарда төтенше жағдайларға дайындықтың өз деңгейінде еместігін көрсетіп кетті. Сондықтан да билығы келе жатқан көктемдегі орын алуы ықтимал төтенше жағдайларға алдын ала дайындық жоспары жасалып техникалар мен құрал-жабдықтарды, адам ресурстарын сақадай сай ету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, «Көктем-2025» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Көктемгі су тасқынына дайындық аясында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен «Көктем-2025» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті.
«Дабыл-1001» сигналы бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқару штабы құрылып, барлық азаматтық қорғау күштері мен басқару органдары жоғары дайындыққа жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында су тасқыны қаупі бар аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша шаралар пысықталды.
Сауран ауданы аумағында көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және олармен күресу мақсатында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Асхат Ержанов, Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Санжар Бурлибаев, сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мұхтар Қуанышбаев қатысты.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау жүйесінің ұйымдастырылуын жетілдіру, басқару органдарының дайындығын пысықтау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жұмылдырылатын күштер мен техникалардың іс-қимылын үйлестіру мәселелері қарастырылды.
2025 жылғы көктем мезгілінде орын алуы мүмкін табиғи апаттардың алдын алу мақсатында шартты төтенше жағдай сценарийлері бойынша оқу-жаттығу жүргізілді. Атап айтқанда, қардың еруі мен қатты жауын-шашын салдарынан су тасқыны қаупі туындаған жағдайдағы іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар, қатты жауын-шашыннан кейін жердің мұздануы мен тоң болуына байланысты төтенше жағдайларды жою жұмыстары бойынша жедел ден қою жасақтарының дайындығы тексерілді.
Жиын барысында сала мамандары аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету штабының дайындығына жоғары баға берді. Оқу-жаттығу жиынына 189 қызметкер мен 40 техника жұмылдырылды.
Бұл оқу-жаттығу азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Созақ ауданында да көктем мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға тиімді әрекет ету мақсатында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Авариялық құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу үшін орындар анықталды. Оқу-жаттығуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ішкі істер бөлімі, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, Созақ аудандық электр желілері, байланыс торабы, аурухана және басқа да тиісті бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Құтқарушылар мен техникалық қызметтері аясында электр желілері мен байланыс торабын қалпына келтіру бойынша нақты іс-қимылдар пысықталды. Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов және удандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев дайындық шараларын бақылауға алды .
Оқу-жаттығу жұмыстары кезінде өрт сөндірушілер мен медициналық қызмет көрсетушілердің, электр қуатымен қамтамасыз ету, газ жүйесінің апаттық қызметі және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету қызметтерінің дайындығы да толық тексерілді. Бұған қоса азық-түлік және медициналық препараттар қорын құру мәселесі де жан-жақты қарастырылды.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен «Көктем -2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Иса Елеусізов, аудан әкімінің орынбасары Мурат Баигабулов сонымен қатар, Сарыағаш аудандық азаматтық құрылым мүшелері қатысты.
Жиын барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Иса Елеусізов “Көктем -2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша іс-шара жоспарын баяндады.
Арман Абдуллаев мәжілісті қорытындылай келе «Көктем -2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеп, аталған іс-шараны жоғары деңгейде өтуді жүйелі түрде қамтамасыз ету қажет екені ескертті.
Биылғы жылдың 6 және 7 ақпан күндері Сарыағаш ауданы аумағында «Көктем -2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Келес ауданында «Көктем-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өткізілд
Келес ауданы аумағында 2025 жылғы 6-7 ақпан аралығында «2025 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.