ЕКІ ЕЛДІҢ КЕДЕН БЕКЕТТЕРІ БІРГЕ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

0
45

Мемлекетаралық қарым-қатынаста кеден бекеттерінің маңызы жоғары. Бір елден екінші еклдің аумағына өтуді реттеуші бекеттердегі жұмыстың сапасы көп мәселені ұтымды шешуге мүмкіндік береді. Кеден бекеттерінде жұмыс сапалы әрі белгіленген уақыттың көлемінде жүзеге асырылса, ары-бері қатынаушы көліктер, жаяу азаматтарға да пайдалы. Ал, кеден бекетінің жұмысы дұрыс ұйымдастырылмай, инфрақұрылымы сапасыз, технологиялық құралдары көне болса онда ол бекеттен ары-бері өтушілерге қиын болмақ. Түркістан облысында Өзбекстанмен арадағы кеден бекеттерінің инфрақұрылымының сапасын жақсарту, өткізу жұмысының тиімділігін арттыру және кеден бекетінің ғимараты мен жолы, айналасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан «Қабланбек» кеден бекетінің жұмыс барысын арнайы аралап көріп, Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы Асқар Болатов, Сарыағаш аудандық полиция бөлімі басшысының  орынбасары  Сандыбаева  Жұмаділлә,«Евразия» ЖШС-нің өкілдерімен бірге кеден бекеті маңындағы заңсыз саудаларды болдырмау, кептелістерді азайту, ретке келтіру, келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында  жобалар талқыланып, тапсырмалар нақтыланды. Сонымен қатар,кеден бекетінің құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме өкіліне тиісті тапсырмалар берілді.
«Қабланбек» кеден бекеті маңында “Евразия” ЖШС қарасты “Евразия” сауда базары  орналасқан. Аталған кәсіпкерлік нысан аймағын дамыту мақсатында уақытша  сақтау қоймасы, жүк және жеңіл көліктерге арналған автотұрақ, ғимарат аумағына тамақтану және  сауда орындары, ақша айырбастау пункттерін салу жоспарлануда. Оған қоса, кеден бекеті маңындағы жолдарға ағымдағы жөндеу  абаттандыру,  модульді полиция пункттерін орналастыру жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы тарапындағы  «Қапланбек»  және «Навои»  Өзбекстан Республикасы тарапындағы  өткізу пункттері бір уақытта жаңғырту мен техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізіліп өткізу пункттерінің техникалық ашылуы жүргізілді. Өзбекстан Республикасы «Гишт-Куприк» өткізу пунктінің құрылысын аяқтау үшін 4 айға жабылуына байланысты, 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап Қазақстан тарапындағы «Жібек Жолы» өткізу пункті де уақытша жабылды.Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы шекараны жаяу және жеке пайдалану үшін көлік құралдарымен кесіп өтетін жеке тұлғаларға жол жүру бағыттарын алдын ала қарастыру қажет екенін хабарлайды. Бұл ретте, жаяу жүргіншілер өткелі «Қапланбек», «Б.Қонысбаев» өткізу пункттері мен «Сырдария» және «Целинный» бақылау-өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатынын, ал жүк автокөлік құралдарын өткізу әдеттегідей «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Қазығұрт» және «Тәжен» өткізу пункттері арқылы, ал темір жол көлігімен өткізу «Сарыағаш» және «Бейнеу» темір жол өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту, азаматтарды жұмыспен қамту, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдіргендерге мемлекеттік қолдау көрсету бойынша тапсырмаларын жүзеге асыруда Түркістан облысында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Соның бірі Сарыағаш ауданында құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді.
Аудан кәсіпкерлері, шаруалары құс шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттен қолдау тауып, кәсіптерін дөңгелетуде. Солардың бірі, Қабланбек ауылдық округінің тұрғыны Гүлдана Ақбердиева былтыр жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Бүгінде, көпбалалы ана «Береке» шаруашылығында бөдене құсын өсіріп, үй құсын және жұмыртқасын сатылымға шығарып отыр.
Айта кетсек, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жыл бойы атқарған еңбектерінің нәтижесі көрініс табатын “Altyn küz — 2023” мерекесінде Сарыағаш ауданы құс шаруашылығын дамытуда озат аудан атанған.