СОЗАҚ АУЫЛЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕЙРАМХАНА АШЫЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқын арттырудың басты талабы – жаңа өндіріс орындары мен жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы өнім өндіру көлемін ұлғайту, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру екендігін айтқан еді. Соған орай, Түркістан облысының қала, аудандарында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, азаматтардың жеке кәсіпкерлігін мемлекеттік деңгейде қолдау мәселелеріне маңыз берілуде.
Созақ ауылында жаңа «Bazelik» отбасылық мейрамханасының ашылуы өтті. Жаңа нысанның ашылуына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ауданымыздағы шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуына тоқталды.
«Бүгінде ауданымызда шағын және орта кәсіпкерліктің даму қарқыны өте жоғары. Көптеген жаңа кәсіпкерлік нысандар бой көтеруде. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпкерлік бастамалардың жүзеге асуы – ауданымызда жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді»,– деді аудан басшысы.
Жаңа мейрамхананың лентасы кесіліп, тұрғындарға мерекелік дастархан жайылды. Көлемі 700 шаршы метрді құрайтын мейрамхана бір мезетте 200-ден астам адамды қабылдай алады. Мейрамхана қожайыны, жеке кәсіпкер Талғат Сейдахметұлы алдағы уақытта 40-тан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруды, нәтижелі жұмыс жасап, тұрғындардың атқарушы органдарға деген сенімін арттыруды, әрі азаматтардың мәселелерін нақты шешуді тапсырған болатын.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының заң және ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы С.Қарабаев, Созақ аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Б. Смахова Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік кызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.
Бақылау барысында бөлім тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің жағдайымен танысып, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және бақылау барысында көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігімен анық ақпараттың болуы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлардың болуы т.б. мәселелері қаралып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиісті деңгейінде ұйымдастырылуы бойынша ұсынымдар берілді.
Түркістан облысының аумағында есірткі жарнамаларына қарсы күрес жалғасуда. Есірткіні қолдану, тарату, жарнамалаулардың алдын алу мақсатында жоспарлы жұмыстар Созақ ауданында да жүзеге асырылуда.
ҚР Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы Созақ ауданында өз жалғасын табуда. Аудан прокуратурасы мен Созақ ауданының полиция бөлімі өкілдері заңсыз есірткі жарнамаларын анықтап, жою және алдын алу мақсатында Шолаққорған әкімдігінде санитариялық тазалыққа жауап беретін қызметкерлермен бірге жиналыс өткізді. Жиналыста қоғамдық орындарда есірткі жарнамаларын, граффитилер мен QR-код жазбаларын полиция органдарына хабарлау арқылы жою қажеттігі түсіндірілді.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары бірлесе отырып, «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясының аясында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы орайда аудан тұрғындарын есірткіге қарсы күреске белсене қатысуға шақырамыз. Егер күдік тудырған жарнамалар анықталса, аудан прокуратурасының сенім телефонына (725-46-07) немесе 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.