ШАРДАРАЛЫҚ ҚОЛ КҮРЕСШІЛЕР ӘЛЕМ КУБОГІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Соңғы жылдары елімізде спортқа деген көзқарас, адам денсаулығына деген көзқарас өзгеріп келеді. Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылғы дейін қазақстандықтардың үштен бірі денешынықтыумен, бұқаралық спорт түрлерімен тұрақты айналысуына қол жеткізу туралы міндет қойған еді. Оған қоса Президен Жолдауларында балаларды қорғау мен қолдау, олардың шыныққан шымыр, тәрбиелі де білімді болып өсуіне барлық жағдайларды жасау жөнінде де алға қойған міндеттері бар. Соған орай Түркістан облысында азаматтардың денсаулығын нығайту, жас ерекшелігіне қарай түрлі дене шынықтыру залдарына қатысуы, бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануы, ұнатқан спорттарымен айналысуы, сол сияқты балалардың денешынықтыруы, жастайынан спорттың түрлерімен шұғылдануы, түрлі спорттық клубтарға, үйірмелерге қатысуына барлық мүмкіндіктер жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Көптеген жарыстар, турнирлер, іс-шаралар өткізілуде.
Түркістан облысында армрестлинг спорты өте жақсы дамыған. Қол күрес шеберлерінің орталығы – Шардара ауданының спортшылары Өзбекстан елінің астанасы Ташкент қаласына армрестлингтен Әлем кубогына қатысты. Ел намысын арқалап барған өрендер байрақты бәсекеде өз мықтылығын тағы бір дәлелдеп, 48 алтын алқаны қанжығалады. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар тізімін ұсынамыз.
Жас жеткіншектер арасында Әлем кубогының иегерлері:
Абдымутали Әділхан, Амирхан Дінмұхамедәли, Ибрагим Азамат, Аязхан Сүндет, Назар Заңғар, Нұғман Әділбек, Сапархан Бекнұр, Әшім Азат, Сарсенбай Бекзат, Ораз Ерхан
Жас жеткіншек қыздар арасында Әлем кубогының иегерлері:
Ақберген Аманат, Рысбек Нұрханым, Сарсенбаева Сымбат
Жасөспірімдер арасында Әлем кубогының иегерлері:
Амирхан Думан, Бекмұрат Мирас, Қожабек Бекнұр, Маманияз Жасурбек, Мелдебек Болат, Алдан Нұрсұлтан, Хали Текжігіт
Жасөспірім қыздар арасында Әлем кубогының иегерлері:
Эльмурат Ұлболсын, Оралбай Ұлжан, Оразхан Ырысты, Қалдыбай Анел
Жастар арасында Әлем кубогының иегерлері:
Айыпхан Ерсұлтан, Сарсенбай Жармахан, Сарыбай Ерасыл, Бекжігіт Асылжан, Самат Мұқасан, Тұрғанбек Тұрарбек, Ақтай Бекқуат, Мухамбетов Ердаулет, Хали Қасымжомарт, Роман Данияр
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Әлем кубогының иегері:
Құралбаев Ұлықбек
Ересектер арасында Әлем кубогының иегерлері:
Рүстембеков Жарылқасын, Нұрмахан Ердаулет, Зәрубек Санжар, Ибрагим Әділет, Қадір Нұрхан, Ерсайын Мейрамбек, Пірмбет Абзал, Қадір Нұрдаулет, Ақтаев Талғат, Айдархан Нұрдаулет, Қаржау Есболат, Айтбек Бекет, Құттымұратов Медет.
Қаңтар айының 21-25 күндері аралығында Жетісай қаласында еркін күрестен 2008-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті. Жарысқа облыс аумағындағы аудан, қалалардан 30-ға жуық команда, 567 жас спортшы қатысты. Кіл мықтының арасынан үздіктер анықталған сайыста созақтық спортшылар жеңіс тұғырынан көрініп, ауданның мерейін үстем етті.
Созақ аудандық №1 спорт мектебінің оқушысы Мақсұт Ахмет 85 келі салмақта чемпион атанып, Қамбарбек Дияр 75 келі салмақта ІІІ орынға тұрақтады.
Чемпион атанған Мақсұт Ахмет Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Бұл чемпионат 2025 жылдың сәуір айының 2-6 аралығында Орал қаласында өтеді. Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен палуандар Азия біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Жас спортшыларды жеңіске жетелеген Созақ аудандық №1 спорт мектебінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары, әлемдік додалардағы чемпиондарды тәрбиелеген тәжірибелі жаттықтырушы Бейсембаев Бақытжанның да еңбегін атап өту қажет.