САЙРАМ АУДАНЫНДА АРЕНДАЛЫҚ ҮЙЛЕР САЛЫНУДА

0
33

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің бір көрсеткіші – азаматтарының баспанамен қамтылуы болып табылады. Қазақстанда, оның ішінде үлкен аймақтардың бірі – Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жыл сайын қарқындап келеді. Өйткені өмір сүру деңгейі жоғары адам өнімді еңбек ететіні белілі. Әрі өз шаңырағы бар отбасында кикілжің де аз орын алып, бірлік пен ынтымақ, түсіністік болады. Сондықтан да, баспана жайы – әлеуметтің ең өзекті мәселесі. Басында баспанасы жоқ талай шаңырақ осындай қуанышты күнді асыға күтіп жүргені рас.
Сондықтан мемлекет тарапынан тұрғын үй мәселесін шешуге байланысты бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Олардың арасында ипотекалық немесе жалдамалы, арендалық, сатып алу құқығымен болсын тұрғындарға үй беру мәселесіне маңыз беріліп келеді. Бұл тұрғыда Сайрам ауданында да үлкен жобалар қолға алынып жатыр.
Сайрам ауданында халықты баспанамен қамту, арендалық тұрғын үй сатып алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Маңызды мәселе аудан әкімі Арман Сәбитовтің қатаң бақылауында. Бүгінде Әйтеке би ауылында 1 гектар аумақта жеке инвестор есебінен 2 қабатты 3 дана арендалық тұрғын үйлер салынып жатыр. Аталған құрылыс нысанда 80 пәтер аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілетін болады.
Сонымен қатар, биыл «Барыс Құрылыс» ЖШС-і тарапынан Ақбастау ауылынан жалпы 2 қабатты 3 дана арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Аталған жоба «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамыту 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асады. Бекітілген ережеге сәйкес, тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелері аукцион арқылы тұрғын үй мақсатында бөлінеді. Инвестор тиісті құжаттар әзірлеп, тұрғын үйді салады. Дайын үйлерді әкімдік мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы сатып алып, кезекте тұрған азаматтарға ұсынады.
Айта кетейік, бүгінде ауданның қала құрылысы даму аумағын және елді мекендердің бас жоспарлары схемаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Қарасу ауылдық округі аумағынан 57 га жер теліміне жаңа мөлтек аудан бой көтереді. Аталған аумақтығы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Бұл жаңа мөлтек ауданда алдағы уақытта 47 дана 5 қабатты (2820 пәтер) тұрғын үй, әкімшілік ғимараты, мешіт, мәдениет үйі, жастар сарайы, қазандық, сауда үйі, 280 орындық балабақша, 600 орындық мектеп, 7 коммерциялық нысан мен саябақ салынбақ.
Сонымен бірге, Сайрам ауданының даму аумағы және елді мекендердің бас жоспарлары схемаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы Алаш, Ақарыс, Әсіларық, Бәйтерек, Қарасу, Құтарыс және Қарабұлақ ауылдарының бас жоспары жасақталып, топотүсірілімдер бекітілді.
Қазіргі таңда тиісті мекемелерден келісімдер алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен өткен жиында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Алибжан Ибрагимов атап өтті.
Жиын барысында бөлім басшысы өткен жылы аудан аумағында іске асқан сәулет және қала құрылысы саласындағы тірліктер мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп берді. Сонымен қатар, ағымдағы атақарылатын жобалармен таныстырды.
– Биыл аудан аумағындағы 5 ауылдың, яғни Жібек жолы, Ақбастау, Таскешу, Шіркін және Ынтымақ ауылдарының оңтайландырылған бас жоспарларының мерзімі келуіне байланысты толықтырулар мен өзгерістер енгізу жоспарлануда. Әзірленген жобалар аудандық мәслихатпен бекітілетін болады, — деді бөлім басшысы.
Аудан аумағында өткен жылы 73 250 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілген. Жалпы ауданында халықты баспанамен қамту, арендалық тұрғын үй сатып алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Маңызды мәселе аудан әкімі Арман Сәбитовтің қатаң бақылауында. Бүгінде Әйтеке би ауылында 1 гектар аумақта жеке инвестор есебінен 2 қабатты 3 дана арендалық тұрғын үйлер салынып жатыр. Аталған құрылыс нысанда 80 пәтер аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілетін болады.
Сонымен қатар, биыл «Барыс Құрылыс» ЖШС-і тарапынан Ақбастау ауылынан жалпы 2 қабатты 3 дана арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Аталған жоба «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамыту 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асады.