МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

0
41

Мемлекет басшысының қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мен медицина қызметтерінің қолжетімділігін шалғай елді мекендерде де көрсетуді ұйымдастыру, медициналық заманауи диагностикалық, зертеу, емдеу аппараттары мен құралдарымен жергілікті ауруханалар мен емханаларды да қамтамасыз ету, сөйтіп тұрғындарға жан-жақты әрі қолжетімді де сапалы медициналық қызмет көрсету қажеттігін айтып, осы бағытта жұмыс жүрізуді тапсыруына байланысты Түркістан облысы мен оның барлық аймақтарында денсаулық сақтау саласына қатысты жұмыстарды жүзеге асыру жақсарып келеді. Облыстың өңірлерінде, шалғай елдімекендеріне дейін сапалы медицинаның қол жетімділігін қамтамасыз ету, түрлі аурудың алдын алу, қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында бейінді мамандар «Жылжымалы медициналық кешен» (ЖМК) арқылы медициналық –диагностикалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыруда.

Түлкібас ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиевтың қатысуымен аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімі Аскар Естібаев, аудандағы медицина мекемелердің басшылары, тиісті дербес бөлім басшылары, аудан тұрғындары қатысты.

Басқосуды аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы ашып, жиын барысын түсіндіріп, алғашқы сөзді басқарма басшысы Асхан Мархабайұлына берді. Басқарма басшысы өткен жылы облыс аймағында медицина саласы бойынша атқарылған жұмыстар және атқарылатын жұмыстарды жүйелі түрде саралап түсіндіріп, баяндады. Сонымен қатар, ауданға қарасты медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстарды да тілге тиек етті.

«Адамның басты байлығы –денсаулық» — екендігін алға тарта отырып, аурудың алдын алу бойынша және аудандағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Аудан тұрғандары медициналық сақтандыру жүйесі, жаңа емхана салу, дәрігерлердің білім деңгейін арттыру, жедел жәрдем мекемесіне ғимарат салу, тегін дәрі дәрмек беру, жеке дәріханалардағы дәрі бағасын реттеу, ауылдық мед пунктерде медицина мамандарының санын арттыру тағы басқа да сауалдарын қойылып, оларға тиянақты жауаптар берілді.

Жиыннан соң, басқарма басшысы мен аудан әкімі жеке мәселелерімен жүгінген аудан тұрғындарын қабылдап, өтініштерін назарға алып, Заң аясында түсініктеме берді. Әр бір айтылған ұсыныс-өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданатындығын жеткізді.

Ордабасы ауданының халқына сапалы медицинаның қол жетімділігін қамтамасыз ету, аурудың алдын алу, қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында бейінді мамандар «Жылжымалы медициналық кешен» (ЖМК) арқылы Шұбар, Бадам, Қараспан, Төрткүл, Бөржар, Көктөбе, Қайнар, Бөген, Жеңіс, Қарақұм ауылдарының тұрғындарына медициналық профилактикалық тексерістерден өткізу жұмысын жүргізеді. Аймақтардың ішінде 06.01.2024-31.01.2024 аралығында Шұбар ауылының тұрғындарын медициналық профилактикалық тексерістерден өткізу жұмысын бастады.

ЖМК-де пациенттерді профилактикалық тексерістерден өткізіп жатқан білікті жоғарғы санатты дәрігерлер: хирург, гинеколог, рентген лаборант, лаборант, стоматолог, окулист, лор дәрігерлері қабылдау жүргізеді.

Пациенттерге толық медициналық тексеру жүргізу үшін қажетті барлық заманауи цифрлық зерттеу құрылғыларымен жабдықталған 7 мамандандырылған кабинеттен тұрады. Атап айтқанда:

Жалпы қабылдау аймағы; анализдер қабылдау және глюкометр, гематологиялық анализатор жүргізу аймағы, акушер-гинеколог кабинеті, функционалды диагностика кабинеті ЭКГ, флюрографиялық зерттеулер жүргізетін арнайы қорғаныс сәулелі диагностика бөлмесі бар. Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), лор дәрігері аптасына 2 рет жұмыс жасайды сәрсенбі, жұма күндері.

Сол сияқты Ордабасы аудандық орталық ауруханасында жаңа заманауи жеделсатының (лифт) іске қосылуы – науқастар мен медицина қызметкерлері үшін үлкен жетістік.

Бұл жеделсаты аурухананың әртүрлі бөлімдеріне, соның ішінде хирургия, неврология, оңалту, перзентхана, терапия, ота жасау және қабылдау бөлімдеріне қызмет көрсетуге арналған.

Мұндай жаңашылдық емделушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.