ТҮЛКІБАСТА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТТІ

0
58

Білім беру саласын реформалау, педагогтардың біліктілігін арттыру мен ізденімпаздық арқылы жаңа әдістерді оқыту процесіне кіріктіру арқылы заман талабына сай бәсекеге қабілетті оқушыларды қалыптастыру қажеттігі туралы мемлекет басшысы үнемі айтып келеді. Түркістан облысының білім беру мекемелерінде осы мәселеге ерекше мән беріліп отыр. Өйткені, қазіргідей күн сайын жаңа ғылыми жетістіктер мен инновациялық әдістер, озық технологиялар пайда болып жатқан кезде мұғалімдердің біліктілігін көтеру маңызды.

Сол сияқты жас ұрпаққа тәлімді тәрбие берудің де жетілдірілген әдістерін енгізу арқылы оқушылардың бүкіладамзаттық, ұлттық халықтық педагогикалық әдістерін де пайдалана отырып, елдің жан-жақты қалыптасқан азаматтарын тәрбиелеу Қазақстанның болашағының берік болуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының президенті қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің Жолдауларында үнемі білім сапасының деңгейін көтеру, әлемдік білім беру саласының озық әдістерін меңгеру арқылы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің әлемдік талаптарға сәйкес болуына қол жеткізу қажеттігін айтып жүр. Осындай шараларды іске асыру қазақстандық білім мен тәрбие беру салаларында сапалы азаматтарды қалыптастыруға жол ашады.

Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Калдыбекова Эльмира Әбілқасымқызының жұмыс жоспарына сәйкес, білім бөліміне қарасты мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен әдістемелік кеңес өтті.

Білім беретін мекемелерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру тақырыбында өткен кеңестің мақсаты

Педагогтар деңгейінде оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз ету, білім алушылардың қоғамда табысты өмір сүруі үшін қажетті дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыру болды.

Кеңеске әдістемелік кабинет әдіскерлері мен білім беретін мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Әдістемелік кеңесте талқыланған мәселелер:

  1. «Құндылыққа бағдарланған білім берудің оқу бағдарламасына кіріктірілуі» тақырыбында С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беру мектебінен Суранчиева Шолпан Мырзабайқызы, Бағдарлама құндылықтарының сабақ мазмұнына үйлесімді интеграциялануын қамтамасыз ету (пәнаралық сабақтастық, оқу мақсатына сай мәтіндерді, тапсырмаларды құндылықтарға сәйкес таңдау) бойынша өз пәнімен кіріктірілген «Заң мен Тәртіп» құндылығын кіріктіре отырып, кеңесте іс-тәжірибесімен бөлісті.
  2. Цифрлық орта: Мәдени мұраны дәріптеуде цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері тақырыбында М.Шаханов атындағы жалпы білім беру мектебі ДТЖЖО Анарбаева Камшат Мусаматовна баяндама жасады.
  3. «Мектеп / парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасының іске асырылуы бойынша М.Лермонтов ат.ЖББМ ДТЖЖО Тургунбаев Наурызбек Маханұлы Парламент шығармашылығы өзінің бекітілген ережесі негізінде мектеп әкішілігі мен тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес ақпараттық кеңес берілді..
  4. 2023 ж 03 наурыз №61 бұйрық «Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыным» АББ әдіскері М.Кулмаганбетова Мектепішілік есепке алуды жалпы үйлестіру жұмыстары мен Мектепішілік есепке алуға негіздемелер туралы кеңес берілді.
  5. Әр түрлі мәселелер бойынша сұрақ-жауаптар талқыланды.

Тәрбие саласы мамандарының кәсіби өсу алаңы ретінде сапалы білім мен саналы тәрбиені жақсартуға ықпал ететін педагогикалық қызметті үздіксіз жетілдіретін және әдістемелік қолдау көрсетудің маңызды алаңы болып табылады.