ЫҢҒАЙЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

0
40

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде білім саласын реформалау үшін мектептерді жаңғырту мен жайлы да заман талаптарына толық жауап беретін жаңа мектептер құрылысын салуды тапсырған. Оған қоса оқушыларға білім мен тәрбие беруде жаңашылдықпен, нақты да нәтижелі жұмыс жасау арқылы білім деңгейі мен балалардың қабілетін арттырып, жаман әдеттерден жиренуге дағдыландыру, түсіндіру жұмыстарын да жүйелі жүргізу керектігін ескерткен.

Түлкібас ауданында білім саласындағы өзекті мәселенің бірі ол Б.Садықов атындағы ыңғайластырылған мектептің ғимараты. 1991 жылы балабақша ретінде бой көтерген нысан 2006 жылы ыңғайластырылған мектеп ретінде қолданысқа берілген. Қазіргі таңда мұнда 922 бала білім алуда.

Аталған білім ордасына аудан әкімі Аскар Естібаев салаға жауапты орынбасарымен арнайы барып, жағдайымен танысты. Жалпы 1 гектар аумақта орналасқан білім мекемесінде қосымша ғимарат соғуға жер жеткіліксіз.

Аудан басшысы аталған мектепті толық аралап, өзекті мәселені мейлінше тезірек шешу мақсатында Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында мектеп соғуға ниетті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізу қажеттігін ескертіп, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында тиісті басқармаға ұсыныстар әзірлеуді жауаптыларға тапсырды.

Бұдан бөлек, Асқар Сұлтанұлы аудан орталығына қарасты «Абай» мектеп гимназиясы мен «Майлыкент» орта мектебінің бүгінгі жағдайымен танысып, ондағы кітапхана, асхана, спорт және акт залы, жылу жүйесі, жертөлесі, кәріз жүйесі мен ішкі әжетханаларының жағдайымен тансып, оқу процесінің барысын бақылады.

Аралау барысында анықталған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша білім бөлімі басшысына ескертулер жасап, қалыпқа келтіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қоса, білім мекемелеріне сапары барысында аудан басшысы мектеп психологтарының жұмысын бақылап, бүгінгі таңдағы аса қажетті мамандық иелерінің біліктіліктерін арттыру керектігін ескертті.

Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты «Жанкент» жалпы білім беретін мектеп базасында «Қаржылық сауаттылық, лудомания, құмар ойындарға қарсы» ақпараттық сағаты өткізілді.

Спикер журналист, медиатор, заңгер Асанова Лаззат Балтабайқызы Түлкібас ауданының білім алушыларына лудомания (ойынға тәуелділік) — бұл құмар ойындарға тәуелділік, ол адамды ойынды бақылаусыз ойнауға мәжбүр ететіндігін ескертіп, психологиялық және қаржылық мәселелерге алып келуі мүмкіндігін жеткізді.

Лудоманияның белгілері: Оқушыларға ойынға деген тәуелділіктің белгілерін түсіндіру қажет. Мысалы, ойынға көп уақыт жұмсау, ақша жоғалту, осыған байланысты отбасы мен достармен қарым-қатынас мәселелері, сондай-ақ оқу мен жұмыстағы кедергілер.

Құмар ойынның қаупі: Оқушыларға құмар ойындардың зиянды екенін, әсіресе жастар үшін қаржылық қиындықтар мен психологиялық зардаптарға әкелетінін түсіндіріп өтті.

Оқушыларға лудоманиядан сақтану үшін ойынға жауапкершілікпен қарау, қажеттіліктер мен қиялдар арасында айырмашылық жасау, қажет болса, көмек сұрау туралы ақпаратын ұсынып, арнайы бейнеролик көрсетіп талқыланды.

Қорытынды бөлімінде іс-шараға қатысқан білім алушылар құнды керек ақпарат алғандарын жеткізіп, пікір-талас өрбіп, кері байланыс орнатылды.

2025 жылдың 6 ақпан күні Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның жылдық жоспарына сәйкес, М.Шаханов ат.ЖББМ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық контенттерді пайдалану арқылы ұлттық құндылықтарды дамыту » тақырыбында аудандық семинар сабағы өткізілді.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етіп отырғандай, өткізілген ашық сабақтарды қорытындылау кезеңінде функционалдық сауаттылық, бағалау, сабақ мақсатымен жұмыс, құндылықтарға пән әдіскері Г.Оразбаева арнайы тоқталып, әдістемелік көмек берді.

Семинар сабақта пән мұғалімі А.Ермекбаева 9-сынып Б.Майлин «Шұғаның белгісі» шығармасындағы кейіпкерлер әлемі», У.Тлеубек 7-сынып М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі, М.Бағысбаев атындағы ЖББМ мұғалімі А.Батаева 6-сынып «Олимпиада ойындары», Г.Титов атындағы ЖББМ мұғалімі 5-сыныппен Г.Асырауова «Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі тақырыптарында ашық сабақтарын өтті.

Сонымен қатар, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы » аясында мектеп оқушылары «Шабыт» жобасының жұмыстарын шебер көрсете білді.

Семинарға келген пән мұғалімдері сабақ соңында тиімді кері байланыс жасап, сабақ өткізген пән мұғалімдеріне алғыстарын білдірді.