ШАРДАРАДА БАСТАУ АЛҒАН ЭКОМАРАФОН ҚОЛДАУ ТАБУДА

0
61

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясын бастауға мұрындық болып бүкіл елімізде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде Түркістан облысының тұрғындары бұл науқанды күнделікті әдетіне айналдырды десе де болады. Әр сенбі күндері облыстың барлық өңірлерінде, шалғай елдімекендерге дейін, кәсіпорында мен мекемелер ұжымдары, белсенді жастар мен қоғамдық ұйымдар да тазалық шараларына белсене қатысуда. Енді шардара ауданында тазалыққа арналып марафон өткізілуде.

Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, 2025 жылдың 27 қаңтар күні аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара ауданының 60 жылдығына орай, ауданның санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды тазарту және адамдарды табиғатты қорғауға шақыру мақсатында, эко-марафон бастау алған болатын. Марафонды аудан әкімі Арман Қарсыбаев пен ерікті жастар аудан орталығынан бастап, саябақтарды қоқыстан тазартты.

Тазалық шарасында Шардара ауданының жастары “Біз табиғатты қорғауды өзімізден бастайық, табиғатты аялау – біздің міндетіміз” деген ұранмен бастап, эко-марафон барлық ауылдық округтерге жолданып, 10 ауылдық округте жалғасын тапты. 11 күнге созылған марафонға бүгін яғни, 7 ақпан күні Достық ауылдық округінде өтіп, ауданның ерікті жастары мен тұрғындары атсалысты.

Эко-марафон аясында қала, ауыл округтерінен 1000-нан астам ерікті жас қатысып, 14 техника жұмылдырылды. 18 шақырым ирригациялық жүйелер, 21 шақырым аяқжолдар, 50 шақырымнан астам көше бойлары тазаланып, 76 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.

Шардара ауданында жүзеге асып жатқан тазалық шарасы бір марафонның немесе науқанның аясында ғана емес, жыл бойы жүйелі түрде жалғаспақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы Сарыағаш ауданы аумағында тұрақты түрде жүргізілуде.

Сенбілік барысында Сарыағаш қаласына қарасты көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, ,арық-атыздарды тазаланды. «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жалпы 4 арнайы техника және 35 жұмысшы сенбілік жұмыстарына жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстарын арнайы аудан әкімі Арман Абдуллаев жаяу аралап көріп, сала басшыларына жұмыстары тұрақты түрде жүргізуді, қарқынын күшейтуді тапсырды.

Сауран ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды тазалық жұмыстары жалғасуда. Тазалық жұмыстары Шорнақ – Түркістан, Түркістан – Шымкент бағытындағы автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ Шорнақ ауылдық округі әкімшілігі аумағында жүргізілді. Сенбілікке 120-ға жуық адам қатысып, 6 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 34 тонна қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

«Таза Қазақстан» – баршамыздың ортақ ісіміз! Айналамызды таза ұстау – өзімізге деген құрмет. Сондықтан әрбір тұрғынды қоршаған ортаны қорғауға, туған жерімізді таза ұстауға үлес қосуға шақырамыз! Сауран ауданында тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізіліп, абаттандыру шаралары жалғасатын болады.

Жалпы биылғы жылмен аяқталатын «Таза Қазақстан» акциясы қазақстандықтарды көп нәрсеге үйретті. Адамдар өз үйінің, жұмыс орнының, ауласы мен көшесінің, ауылының айналасын таза ұстауға үйреніп, қоқыстың шашылып, ретсіз жатқанына шыдамайтындай жағдайға жетті. Көпшілдік тазалықтың бастау шашылған қоқыстарды жинау емес қоқыстарда тастамау екенін түсініп, экомәдениеті қалыптасып келеді. Ендігі жерде шардаралықтар сияқты бастамашылдардың бастамалары қолдау тауып тазалық, көгалдандыру сияқты көпшілдікпен атқарылатын жұмыстарға жұртшылық белсене қатысса нұр үстіне нұр болмақ.