АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жергілікті тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты мақсаттарының бірі. Бұл бағытта аудандағы елді мекендерді ауыз сумен қамту бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес, кезең-кезеңімен жүргізілуде. Осы ретте, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, Достық елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарының мән-жайымен танысты. Құрылыс алаңын елді мекен тұрғындарымен бірге аралап, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Мердігер «Универсал Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан су құдықшалары орнатылып, 165 метр тереңдікте су ұңғымасын қазу, ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң, 639 тұрғын үй ауыз сумен қамтылатын болады. Аталған нысанда жоба бойынша су қоймасы (резервуар 500м3), 1-ші және 2-ші көтерілім насостық станциясы, қуаттылығы 63 кВа болатын трансформатор қондырғысы қарастырылған.
Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, сондай-ақ жоспарға сәйкес мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ә. Құрбановқа құрылыс жұмыстарының барысын ұдайы бақылауда ұстауды, тапсырмалардың орындалу мерзімітікелей өзінің жіті бақылауында болатынын ескертті. Ауылдық округ әкімі А. Ашировке құрылыс барысын баяндап отыруды тапсырды.
Өңірдегі тұрғындардың жайлы өтір сүріп, қолайлы жағдайда тұрмыс кешуін қамтамасыз ету бойынша өңірде жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Ол жұмыстарды аудан басшылығы назарында ұстап, арагідік арнайы бақылп отырады. Сондай, тұрғындардың жайлы да қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету саласының бірі табиғи газды тұтынудың ережелері мен қауіпсіздігін тұтынушылардың сақтауы болып табылады.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен аудан көлемінде жеке үйлер мен әлеуметтік нысандарында газ және газбен жабдықтау саласындағы қауіпсіздікті арттыру және бақылауды оңтайландыру, алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша талқылау өтті. Жиынға ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Иса Елеусізов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әнуар Құрбанов, «ОС Түркістан газ сервис», «QAZAQGAZ» ҰҚК мекемелерінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында салаған қатысты мәселелер жан-жақты талқыланып, Арман Абдуллаев сала мамандарынан құралған арнайы мекеме ашу бойынша ұсынысып айтып, салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Тапсырмалар мерзімімен хаттамаға енгізілді.
Айта кетсек, аудан әкімінің өкімімен улы газдан алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жұмысшы топ құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Сол сияқты аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан айыппұл тұрағының аумағына жүргізіліп жатқан кеңейту және жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты.
Аталған аумаққа мердігер «ЖК Алтаееваның» тарапынан жер аумағын кеңейту, шағал төсеу, абаттандыру, бейнебақылау камераларын орнату сонымен қатар, бей-берекет жүрген малдарға арналған орынның құрылыс жұмыстары жүрігізілген.
Аудан басшысы салаға жауапты орынбасары Мурат Байгабуловпен Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Сандыбаев Жұмаділләға автотұрақты күтіп-ұстауды тапсырды.
Бүгінде, айыппұл автотұрағы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты «Сарыағаш қызмет» КММ теңгерімінде.