ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ОРДАБАСЫҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

0
36

Ордабасы ауданына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Абылайхан Наурызбаев жұмыс сапарымен келіп, аудан бойынша барлық мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытындағы мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.

Атап айтқанда, мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік бітірген түлектер облыс орталығынан басқа аудан, қалалардағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алатыны, «Б» корпусының белгілі бір санаттағы лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен тікелей тағайындалатынын айтты.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимін сақтауы, қызметте өсу бойынша ақпараттармен бөлісті.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі-адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық таныту және Әдеп кодексі талаптарының қатаң сақталуын баса айтты.

Өз кезегінде аудан әкімі Азат Оралбаев департамент басшысына шынайы алғысын білдіріп, мемлекеттік қызметшілерге қоғамның мол сенім артып отырғандығын және сол сенімнің үдесінен шығуда ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері бар күш-жігерін аямай еңбек ету керектігін айтты.

Жиналыстан соң департамент басшысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ТО Ордабасы ауданы филиалының және Қажымұқан ауыл округі әкімі аппаратының жұмысымен танысып, оң бағасын берді.

Сондай-ақ, ордабасы ауданының әкімдігі тұрғындардың, оның ішінде жасөспірімдер мен балалардың денешынықтырумен, бұқаралық спортпен айналысуына толық мүмкіндіктер жасап отыр. Әрі бұқаралық спорт пен денешынықтырумен шұғылданудың пайдалылығын насихаттау бойынша көптеген іс-шараларды жүзеге асырып келеді.

Бадам елді мекеніндегі «Ерсейіт ата» жабық қаңқалы алаңшасында 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Темірлан спорт клубы» КММ-нің кіші футболдан ашық біріншілігі болып өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына «Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» сектор меңгерушісі А.Жүніс пен «Темірлан спорт клубы» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Жамәділ келіп қатысып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа жалпы 7 құрама команда 100 ден аса футболшылар қатысты.

Жарыс нәтижесімен бірінші орынды «Бадам» ауылы командасы, екінші орынды «Ынталы» ауылы командасы, үшінші орынды «Шұбар» ауылы командасы иеленді.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар, үздік ойыншы номинациясын иеленгендер кубок, медаль, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Темірлан ауылының орталығындағы Аудандық мәдениет үйінде «Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 36 жыл» толуына орай және «Ордабасы Ұлттық құндылықпен – бірліктің Ордасы» атты тақырыбында шахматтан аудандық біріншілігі өтті. Сайысқа 6-9, 10-12, 13-16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты.

Ақыл-ой мен жүйріктік сайысқа түсетін додаға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы интелектуалды ойында 100-ге жуық жасөспірімдер бақ сынасты. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, атаулы шахмат сайысын «Темірлан спорт клубы» КММ-нің шахмат бөлімінің жаттықтырушылары ұйымдастырған.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушылар анықталып, арнайы марапатталды.