ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

0
43

Мемлекет басшысы Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру қажеттігін үнемі айтып келеді. Өйткені, Қазақстан өнеркәсібінде ауыл шаруашылығы саласының үлесі қомақты болғандықтан Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында агросектордың алатын орны ерекше. Оған қоса соңғы жылдары елімізде, оның ішінде Түркістан облысында ауыл шаруашылық саласының дамуына қарқын қосылып, шаруалар жаңа да озық технологияларды, үнемдеу әдістерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу технологияларын, тамшылатып суғару әдістерін кеңінен енгіе отырып, шаруашылық салаларын әртараптандыра отырып үлкен табыстарға қол жеткізуде. Оның тағы бір себебі, облыс әкімдігінен бастап қалалар мен аудандардың әкімдіктері де ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар мен жеңілдіктерді халыққа түсіндіріп, оларды кеңінен пайдалауға тырысуда.

Мемлекет басшысы таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы саласына байланысты «Былтыр экономиканың басқа салаларына қарағанда ауыл шаруашылығы даму қарқыны бойынша алға шықты. Бұған көктемгі егіс науқанына берілетін арзан несие көлемін едәуір арттырудың арқасында қол жеткіздік. Биыл осы науқанға кемінде 700 миллиард теңге бөлу керек. Арзан несиені малшыларға және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілерге берген жөн.

Тиімділігі төмен субсидиялау тәсілінен жеңілдікпен несие беру тәсіліне көшу қажет. Мен бұл мәселе жөнінде осыған дейін де айттым. Осы міндетті орындау керек.

Былтыр диқандарымыз мол астық жинады. Бірақ бидай бағасы тым арзандап кетті. Шаруаларды қолдауға және ішкі нарықты тұрақтандыруға Азық-түлік корпорациясы атсалысты. Бірақ бұл – уақытша шешім. Көбірек табыс әкелетін дәнді-дақылға көшуді жалғастыру қажет. Сондай-ақ шикізатты сақтау және оны терең өңдеу мүмкіндіктерін арттыру маңызды. Өнімді шетелге шығаруға қолдау көрсету керек.

Малдың жұқпалы ауруларына қатысты ахуалды, соның ішінде екпе егу мәселесін ерекше бақылауда ұстаған жөн. Мал шаруашылығының экспорттық әлеуеті осыған байланысты деп бұл саланың өзінің назарында екенін де ескертті.

Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов қалаға қарасты Қарнақ ауылының шаруа қожалық иелерімен кездесу өткізді.

Жиынға қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Абуов, қалалық мәслихат депутаты Б.Хабибов және шаруақожалық иелері қатысты.

Кездесу барысында ауылдан өнеркәсіптік аймақтың ашылуы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Онда Қарнақ ауылында өндірістік алаң үшін жалпы 10 гектар жер учаскесінің ахуалдық сызбасы әзірленіп, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген азаматтарды уақытша өтелміш жер пайдалану құқығымен жер учаскесінде құрылыстар салынып, игерілген жағдайда кадастрлық құнмен жекеменшікке сатып алуға толыққанды мүмкіншіліктері берілетіні түсіндірілді.

Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 25-інші сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов, қалалық мәслихат депутаттары және бөлім басшылары қатысты. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусізов төрағалық етті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1) Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №161 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Кентау қаласының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит беру туралы;

3) Кентау қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Кентау қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстарды енгізу туралы;

5) Түркістан облысы ономастика комиссиясының қарауына Кентау қаласының көшелерін қайта атау бойынша ұсыныстарды енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сессия алдында бюджет және бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында талқыланған.

Сондай-ақ, аталған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.