Жерасты дүмпуі Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстанда сезілді

0
27

Тәжікстандағы жер сілкінісі

Қазақстан ҰЯО ГЗИ Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, Тәжікстанда магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 09:24-те тіркелген. Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 5,9 балл болған.

Қазақстандағы жер сілкінісі

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 13 сәуірде Астана уақытымен 09 сағат 23 минутта жер сілкінісін тіркеген.

«Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан», — делінген хабарламада.