Әзірбайжан президенті АҚШ-қа ресми сапармен келді

0
7

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев жұмыс сапарымен АҚШ-қа келді. Бұл туралы 7 тамызда Әзірбайжан басшысының баспасөз қызметінің сайтында хабарланды. «Әлиев Вашингтонға АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен жұмыс сапарымен келді», — делінген хабарламада.

Әзербайжан президентінің ұшағы Эндрюс біріккен әскери әуе базасына қонды, деп хабарлайды Gazeta.Ru.
Washington Post газеті 5 тамызда Трамптың Әзірбайжан мен Армения басшыларын Ақ үйде қабылдайтынын хабарлаған болатын. Басылымның хабарлауынша, кездесуде Таулы Қарабақтағы қақтығыстан кейін елдер арасында бітімгершілік келісім жасасу әрекеттері талқыланады.

Вашингтонда маңызды келіссөздер өтеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездеседі,- деп Ақ үйдің ресми мәлімдемесі бұл саммиттің маңыздылығын атап өтті.
Алғашқы кездесу Түркия уақытымен сағат 19:30-да Пашинянмен болады. Одан кейін 22:20-да Трамп Ильхам Әлиевті қабылдайды. Соңында сағат 23:00-де екі басшымен бірлескен кездесу өтеді. Келіссөздердің негізгі тақырыбы екі ел арасындағы бұрын жасалған келісімнен кейін әлі қол қойылмаған бейбіт келісім мәселесі болмақ. Келіссөздер қорытындысы бойынша бұл мәселе бойынша ресми мәлімдеме күтілуде.

Журналист Илияс Бозкурт бұл кездесуді «тарихи» деп атады. Халықаралық лаңкестік және қауіпсіздік сарапшысы Бюлент Атасевер: «Бұл бітімгершілік үдерісі Ресейді ойыннан тыс шығарады» деп түсіндірді. Сарапшы Азиме Телли: «Армения мен Әзірбайжан арасындағы бітімгершілік келісімі Түркия үшін де, Трамп үшін де оң қадам. Бұл Трамптың бейбітшілікті жақтаушы ұстанымын сақтап отырғанын көрсетеді» деді.

Вашингтонда өтетін бұл маңызды саммит аймақтық және жаһандық саясатта жіті назарда. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның АҚШ президенті Дональд Трамппен үшжақты кездесуін құптады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак мәлімдеді.

Оның айтуынша, БҰҰ Армения мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастарды толық қалыпқа келтіру жолындағы кез келген ілгерілеуді әрқашан қолдап келеді.

«Атап айтқанда, екі ел арасындағы бітімгершілік келісім жобасын келісу үшін наурыз айында жасалған қадамдар бұл тұрғыда өте маңызды болды. Бас хатшы Гутерриш Армения мен Әзірбайжан басшыларының президент Дональд Трамппен ертеңгі кездесуін құптайды», — деді Фархан Хак.