ТМД елдерінің кеден қызметтері Сараптама орталығын құруға ниетті

0
109

Ресейде ТМД-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 81-ші отырысына материалдар дайындау бойынша сарапшылар кеңесі өтті

Отырыс барысында 21 мәселе қаралды, оның ішінде:
гибридті электр станциясының түріне арналған электр қозғалтқышымен және іштен жанатын қозғалтқышпен жабдықталған жеңіл автомобильдерді анықтау;
халықаралық жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын уақытша әкелінетін контейнерлерге кедендік бақылауды ұйымдастыру тәжірибесі;
тауарлардың жекелеген санаттарының классификациясы;
халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тіркеу және анықтау механизмін әзірлеу.
Іс-шара аясында сарапшылар келесі мәселелер бойынша келісті:
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жобасы. Оның мақсаты – халықаралық транзиттік тасымалдауды жеңілдету;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің кедендік мақсаттардағы сараптама және зерттеулер орталығы туралы келісім жобасы. Оның мақсаты – кедендік мақсаттарда сараптамалар мен зерттеулер жүргізу кезінде тараптардың ақпараттық-талдамалық, ғылыми-әдістемелік және практикалық өзара іс-қимылын үйлестіру, бірыңғай тәсілдер әзірлеу.
Сараптама және зерттеулер орталығы туралы келісімге қол қою ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің дайындығын ескере отырып, 2025 жылғы қыркүйекте өтетін 81-ші отырыс аясында жоспарлануда.