Қазақстан ТМД мемлекеттік материалдық резерв органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің отырысына қатысты

2025 жылдың 24 қыркүйегінде Қазан қаласында (Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі мемлекеттік материалдық резервтерді басқаратын мемлекеттік (атқарушы) билік органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің 21-ші отырысы басталды. Шараға Татарстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекеттік резервтер жөніндегі федералдық агенттігі қолдау көрсетеді.
Консультативтік кеңес отырысына Қазақстан Республикасының, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының және ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысуда.
Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановтың атынан құттықтау сөз сөйлеген Татарстан Республикасының Премьер-Министрі Алексей Валерьевич Песошин Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекеттік материалдық резерві органдарының гуманитарлық көмек көрсетудегі және аймақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтаудағы маңыздылығын атап өтті.
Отырысты Мемлекеттік резервтер жөніндегі федералдық агенттіктің басшысы Дмитрий Юрьевич Гогин жүргізіп, Консультативтік кеңестің 2024–2025 жылдардағы жұмысы туралы баяндап, «Консультативтік кеңестің қызметі біздің мемлекеттеріміздің мүдделерімен және олардың сыртқы саясатымен тығыз байланысты. Өзара әрекеттесу арқылы біз салалық мәселелерді шешіп қана қоймай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға үлес қосамыз»,- деді.
«Мемлекеттік резервтер жөніндегі федералдық агенттігінің сақтау мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің директоры, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің мемлекеттік материалдық резерв жүйелерін ғылыми-техникалық дамыту, кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі негізгі ұйымының басшысы Ольга Юрьевна Корнева мамандандырылған базалық ұйымның 2024–2025 жылдардағы қызметі туралы есеп берді және ғылыми зерттеулер мен кадрларды оқытуды ұйымдастыру саласындағы өзара іс-қимылды үйлестірудің алдағы жоспарларымен бөлісті.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетінің Экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Михаил Евгеньевич Мыскин қатысушыларды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі туралы хабардар етіп, «Күш-жігерді біріктіріп, бірлескен жобалық жұмыстарға назар аудара отырып, біз Еуразиялық аймақта өз елдеріміз үшін қолайлы бизнес және кедергісіз орта қалыптастыратын тиімді қарым-қатынас жүйесін құра аламыз. Мемлекеттік резервтер басшылары Консультативтік кеңес аясында 20 жылдан астам уақыт бойы ынтымақтасады. Осы жылдар ішінде Кеңес қызметі аймақтағы экономикалық интеграцияны нығайтуға бағытталған тиімді құрылымға айналды»,- деді.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері, соның ішінде Қырғыз Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар; материалдарды сақтау орындарында тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері; Армения Республикасының мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің объектілерінде астықты сақтау мәселелері. Басқа мемлекеттер салған санкциялар кезіндегі Беларусь Республикасының мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің рөлі; мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтаудың инновациялық тәсілдері; Консультативтік кеңестің 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарлары және т.б. талқыланды.
Консультативтік кеңестің 21-ші отырысына қатысушылар өз жұмысын 2025 жылдың 25 қыркүйегінде жалғастырады.
